ерген өнертапқыш жеткіншектер сәбидің дауысы шыққан сәтте оның бірден қозғалуын басшылыққа алған. Бесікке орнатылған диктофонға анасы өз дауысымен бесік жырын жаза алады. Бесік дыбыссыз тербеледі. Басқарғышпен қашықтан тербетуге әрі температурасын экран арқылы қадағалауға болатын бесіктегі кез келген қолайсыздықта ескерту дыбысы беріледі.
Лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Күлжан Шажабаева роботты техника үйірмесіне қатысатын оқушылар жыл сайын модельдеу түрлерінен аудандық, қалалық, халықаралық, республикалық жарыстар мен олимпиадаларда бақтарын сынап, жүлделі орындарға ие болып жүргенін жеткізді. Роботты техника зертханасының міндеті оқушылардың жаңашыл техникалық білім алуға деген құштарлығын дамыту болса, оларды заманауи кәсіпке баулуда роботты техника үйірмесінің оқытушылары Дастан Рахатов, Бегалы Ахметовтың еңбектері зор. Бір роботты құрастыру мен бағдарлама жазып шығуға кететін уақыт мөлшері оның күрделілігі бойынша анықталады. Мұнда мақсатқа жету маңызды. Жаңадан келушілерді жетекшілері ғана емес, сондай-ақ жоғары сынып оқушылары да баулиды. Бітіруші сынып оқушылары ізбасарларына алдымен робот құрастыруды, бағдарламалауды үйретеді.
Лицей оқушылары алдағы уақытта роботты техника үйірмесінде радио жүйесі арқылы басқарылатын, адамдардың дене қызуын өлшейтін және залалсыздандыруда қолданатын робот ойлап шығаруды жоспарлап отыр. Қазіргі кезде мектептегі үйірме жұмыстарына қатысатын 5-10-сыныптың белсенді оқушылары бағдарламаларды қашықтан жүйелеу жұмыстарын жетілдіру үстінде.
АЛМАТЫ