Несие • 24 Сәуір, 2023
Борышкердің мойнында «бұғалық» жүр
Әлеуметтің әлеуетін реттейтін әмиян. Қазір қандай жағдай болсын, қаржыға келіп тіреледі. Басқаны қайдам, біздегі нарық халықты осыған көндіктірді. Көнбесіңе шараң қайсы, жеке шоттарың көгендеулі, банк картаң бұғаттаулы, шекара асуың шектеулі. Сазарған сот орындаушы бозарған борышкердің бойына қан жүрместей қылып «күретамырын» буып тастаған. Біздегі әлеуметтік мәселенің күйіп тұрған тұсы осы.
Медицина • 24 Сәуір, 2023
Оралдағы ядролық медицина орталығы
Орал қаласында облыстық онкологиялық диспансер жанынан «MIG Qazaqstan» ядролық медицина орталығы іске қосылды. Жалпы, құны 2,7 млрд теңгеден аса қаржы жұмсалған орталықта қатерлі ісік дертіне шалдыққан науқастарды сәуле терапиясымен емдейтін заманауи жабдық орнатылған.
Қоғам • 24 Сәуір, 2023
Қазіргі қоғамда ана тіліміздің құндылығы мағыналық, танымдық жағынан арта түскені байқалып отыр. Мұны Тәуелсіздіктен бері осы салада зерттеу жүргізіп келе жатқан ғалымдарымыздың орасан зор еңбегі деп түсінеміз. Ғаламтор кеңістігінде қазақ тілі блогосферасының қауырт дамуы, оның оқырман аудиториясына әсер етуі ғалымдардың алдына бірқатар міндеттер жүктеп отыр.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2023
Семей қаласындағы Шөже Қаржаубайұлы атындағы көшенің бойынан алыстан көз тартатын еңселі әрі әдемі ғимарат бой көтерді. Бұл – Әлихан Бөкейхан университетінің студенттері үшін салынған ерекше үлгідегі жатақхана.
Тұлға • 24 Сәуір, 2023
Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, екі ғасырдың ұрпағына да белгілі талант иесі, ақын Қадыр Мырза Әлінің өлеңдері ел аузында жиі айтылатын афоризмге айналғанын бәріміз білеміз. «Өлеңге айтып қойыппын, Өмірдің айтпа дегенін» деп, бар болмысын поэзиясына сыйдыра білген Қадыр ағамыздың «көзі кеткеннен» кейін шығармаларына қиянат жасап жүрген жайымыз бар.