Қоғам • 24 Сәуір, 2024
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен – жүрекке!» акциясы жалғасып жатыр. Бұл жолы игі іс аясында Петропавлға 3 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Этномәдени бірлестік өкілдері мен кәсіпкерлер су басқан аумақтағы тұрғындарға азық-түлік, киім-кешек пен тұрмыстық тауарлар жөнелтті.
Қоғам • 24 Сәуір, 2024
Атом құрбандары әділеттілікке сенеді
Елордада 1988-1990 жылдары «Семипалатинск-22» қауіп-қатері айрықша жоғары бөлінісінде әскери борышын өтеген сарбаздар дөңгелек үстел ұйымдастырды. Аталған ядролық полигон орнында екі жыл өмірлерін, жалынды жастық шақтарын өткерген олар үйлеріне денсаулығын беріп оралған. Көбі соның салдарынан өмірден озған...
Халық • 24 Сәуір, 2024
Ұлттық бірегейліктің жаңа кезеңі
Бүгінде әлем жаһанданудың жаңа кезеңін бастан кешіп жатыр. Демек егемендікті қорғаудың, жалпыұлттық бірегейлікті сақтаудың маңызы арта түсті. Өйткені халықаралық геосаяси жағдай күрделі тұста сырттан төнген сын-қатер аз емес. Осы орайда, этносаралық келісім мен Қазақстан халқының бірлігін нығайту күн тәртібіндегі басты мәселелердің біріне айналды.
Айбын • 24 Сәуір, 2024
Әскери ғылымды дамытудың маңызы
Құрлық әскерлерінің әскери институтында Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналған III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Әскер • 24 Сәуір, 2024
Асан Жүсіпов: Құрлық әскері – қуатты күш
Құрлық әскерлері – армияның ең басты екпінді күші әрі қорғанышы. Көршілерімен негізінен құрлық арқылы шектесетін еліміз үшін оның маңызы орасан зор. Жеріміздің тұтастығы мен халқымыздың тыныштығын күзетуде алдыңғы шепте тұрған бұл әскери құрылым 21 сәуір күні өзінің 31 жылдығын атап өтті. Осы күннің қарсаңында біз Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Асан Жүсіповпен әңгімелескен едік.