Руханият • 24 Сәуір, 2019
Астанада Ұлттық ғылыми кітапханада есімі аңызға айналған «Едіге батыр» жырының 600 жылдығына орай сирек кітаптар көрмесі өткен екен. Едіге – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Бірақ біз онымен мақтанып көріппіз бе? Әйтеуір, ол туралы үлкендердің өзара сыбыр-күбірін ғана еститінбіз. Керісінше, «Едіге – халық жауы» деп даттап жаттық. Біз тек аты ертек ретінде айтылатын (балалық көңіл өлшемінде мың жыл бұрын өмір сүрген) Едігенің қалайша «халық жауы» бола қалғанына таңғалатынбыз. Сұрайтын да, жауап беретін де ешкім жоқ.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2019
«Атырау-ақпарат» өкілдері – бас басылымда
Еліміздің бас басылымы кейінгі жылдары өңірлердегі бұқаралық ақпарат құралдарымен берік байланыс орнатып келе жатқаны белгілі. Мәселен, былтыр «Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясына Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарының журналистері келсе, биыл бұл үрдісті Атырау өңірінен келген әріптестер жалғады.
Руханият • 24 Сәуір, 2019
Bar ómirin adam quqyǵy úshin kúreske arnaǵan Nelson Mandela: «Eger siz bir adammen ol túsinetin tilde sóılesseńiz, onyń oıymen bólisesiz. Al eger siz onyń tilinde sóılesseńiz, onda júregine jol tabasyz» depti. Bul ómirlik tájirıbeden alynǵan aqıqat. Biraq bul jalǵyz tilge ǵana qatysty oı emes. Onyń máni áldeqaıda tereńde jatqany ómir qaıshylyǵyn kórsetedi. Jáne mundaı jaǵdaıda ár adam jalpyǵa tán tilmen emes, naqty nátıje shyǵar izgilikti ispen júrekke jol salsa eken deıdi.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2019
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Азия чемпионын құттықтады
Қытайда еркін күрестен өтіп жатқан Азия біріншілігінде солтүстікқазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов жеңістің ең биік тұғырына көтерілді.
Қоғам • 24 Сәуір, 2019
Абылай ханмен тізе қосып, қалмақтарға қарсы атой салған қазақтың ержүрек ұлдарының бірі Тышқан батыр туралы деректер тым мардымсыз. Оның ерлік жорықтары көбіне Оңтүстік Сібір аумағында қалмақтар мен башқұрттарға қарсы өткен шайқастарда ғана сипатталады. Жаужүрек баһадүрдің Қызылжар өңірінде тұратын ұрпақтары аз емес. Ол жөнінде суырыпсалма айтыскер ақын Ахметжан Нұртазин, Қобылан қажы Хамзин біраз естеліктер қалдырған. Қазіргі Шал ақын ауданы Көктерек ауылы маңын мекен етіп, ағайынды Тілеке, Құлеке батырлардың ерлік істерін жалғастырған.