Коронавирус • 03 Сәуір, 2020
Наурыздың соңына дейін барлық сақтық шаралары қатаң сақталып, індеттен аман келген Түркістан облысын коронавирус айналып өтпеді. Айдың соңында Жетісай ауданы тұрғынының індет жұқтырғаны жария етілді. Ал сәуірдің алғашқы күні аталған ауданнан тағы 4 адамнан ауру анықталды.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2020
Жуырда Май аудандық «Шамшырақ» газетінің 80 жылдығы аталып өтті. Мерейтойға орай өткен жиынға газет ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, аудан тұрғындары-оқырмандар қатысты. Жиналған қауымды аудан әкімі Марат Ақтаев құттықтап, басылым ұжымына шығармашылық табыс тіледі.
Руханият • 03 Сәуір, 2020
Жуықта қытайлық кинематографистер жасаған ортағасырлық тарихтан сыр шертетін сериалды тамашалап отырып, мына бір эпизодты аңдадық. Бас кейіпкер патша уәзірлерін шақырып: «Үш ұлымның қайсысы мұрагерлікке лайық екенін айтыңдар» дейді. Көпшілік көркем мінезді үлкен ұлды құп көреді. Патша: «Ол жарамайды, өйткені оның бойында ұлы арман жоқ, яғни армандай алмайды», – деді. Осы сөзді естігенде ойыма бірден атақты Шыңғыс қағанның «Арманың қанша асқақ болса, арғымағың сонша шабысты болады» деген ұлағаты орала кетті.
Абай • 03 Сәуір, 2020
Хакім Абай індетпен қалай күресті?
– Бұ қалаға жаман науқас кепті. – Құдай ұрған іш ауруы. – Ар жақ-бер жақтан күнде әлденеше адам өліп жатыр. – Мәлік келгендей. Шыбындай қырылып жатыр. – Аты не дейді? Адам естімеген қу науқас бір. Жұрт қашып жатыр қаладан... Бұл – М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзінді. Дәлірегі, романның «Түн-түнекте» тарауында Абай заманында тараған індет жайлы айтылады.
Экономика • 03 Сәуір, 2020
Диқан дизельді төмен бағаға алады
Еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдеме жасаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде қазіргі таңда кезек күттірмейтін ауыл шаруашылығының өзекті мәселесі – көктемгі егіс науқанын жүргізу мәселесіне де баса назар аударды. Мұның да жөні бар. Өйткені бұл науқан бұрындары өзінің қалыптасқан тәртібі бойынша жайбарақат жағдайда жүргізілетін.