Экономика • 26 Сәуір, 2021
Қарағанды облысында балық және ауыл шаруашылығы жануарларына арналған азықтарды өндіру және қайта өңдеу бойынша құрама жем зауытын салу бойынша инвестициялық жоба іске асырылады. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев VIRGIN SOIL KZ ЖШС-нің құрылтайшысы Андрей Найманмен кездесу өткізді.
Оқиға • 26 Сәуір, 2021
Биыл халқымыздың аса көрнекті ағартушысы, жазушы, этнограф, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсаринің туғанына 180 жыл толып отыр. Осыған орай елордадағы Ұлттық музей мен Қостанай облысының ұлы ұстаз атындағы мемориалдық музейі бірлесіп, «Үміт еткен көзімнің нұры балам...» атты дөңгелек үстел мәжілісі мен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, ғалым Серікбай Оспановтың «Ыбырай жолы» кітабының таныстырылымын өткізді.
Пікір • 26 Сәуір, 2021
Жер мәселесін талқылайтын тиімді алаң
Жер комиссиясының бесінші отырысында барлығы 113 мәселе қаралды. Олардың барлығына комиссия мүшелері, комиссия басшылығы бейжай қараған жоқ. Барлық мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Руханият • 26 Сәуір, 2021
Бір орында байыз тауып отыра алмайтын мына аспанның бұлтын айтам да, осы жылы әдеттегідей емес. Көз жасы таусылғандай. Қарашығы толса да жыламайды. «Өзім шөлдегем жоқ, жүрегім шөлдеді». Жарықтық Есенғали Раушанов көрсе осылай деуші еді-ау. Бірақ... Қара жерде қыңқ етпейді ғой тегі, қара суыққа еті үйренгендей. Бұрынғыдай емес адамдар да бір-біріне салқын. Уақыт асықтырғанымен бүгін-ертең көктем келмейтін шығар. Мүмкін келер, келсе де ақынның мұңлы өлеңі болып қана. Өйткені бұл көктемнің қайғысы ауыр. Одан да біз оны суретшінің сағынышынан іздейікші.
Оқиға • 26 Сәуір, 2021
Экологиялық сауат қалыптастыру маңызды
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева елорда жастарымен бірге «Киелі табиғат» республикалық экологиялық акциясын бастады. Қатысушылар астанадағы Ботаникалық саябақта шырша отырғызып, жастар арасында қоршаған ортаны қорғауды дәріптеудің маңызын алға тартты.