Пікір • 26 Сәуір, 2021

Жер мәселесін талқылайтын тиімді алаң

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Жер комиссиясының бесінші отырысында барлығы 113 мәселе қаралды. Олардың барлығына комиссия мүшелері, комиссия басшылығы бейжай қараған жоқ. Барлық мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

 

Жер мәселесін талқылайтын тиімді алаң

 

Үкімет жер мәселесін талқылайтын тиімді алаң берді деп ойлаймын. Өйткені өткен бес мәжілісте де әр комиссия мүшесі ойын бүкпесіз, еркін айтып, шаруалардың, фермерлердің, ауыл еңбеккерлерінің, жалпы қазақстандықтардың айтқан пікірлерін ортаға салды. Комиссия жерді 49 жылға жалға беру туралы шешім қабылдады. Жақсы жұмыс істеп жатқан азаматтар мен фермерлерге басымдық беріп, оны әрі қарай ұзартуға мүмкіндік болады. Бұл – өте тиімді шешім.   

Жұрттың барлығының пікірі бір жерден шықпайтыны белгілі. Отырыс барысында жерге жекеменшік құқық беруге қатысты түрлі пікірлер туындады. Қызу талқылау болды. Көпшіліктің шешімімен ауыл шаруашылығы жеріне жекеменшік институтына кіргізу жөнінде 5 жылға мораторий жарияланды. Өйткені оған үлкен дайындық керек.

 

Жигули ДАЙРАБАЕВ,

«Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті