Аймақтар • 01 Сәуір, 2020
Қостанай облысында 330 мыңнан астам адам әлеуметтік жәрдемақы алады
Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қала және аудан әкімдерімен өткізген селекторлық кеңесте айтты. - Біз дағдарысқа қарсы шаралардың бірінші пакетін іске асыруға кірісіп кеттік. Енді Президент белгілеген халықты және бизнесті қолдаудың келесі қадамдарын жүзеге асыра бастауымыз керек. Қостанай облысында 330 мыңның үстінде жәрдемақы алушы бар. Оның 136 мыңнан астамы зейнеткер, 16 мыңға жуық адам АӘК алады, – деді облыс әкімі.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2020
Шымкентте енгізілген шектеу шаралары халыққа әрбір 2 сағат сайын жеткізілуде
Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Дербісов мәлімдеді.
Спорт • 01 Сәуір, 2020
Елдос Сметов Олимпиадалық рейтингте үздік үштікте келеді
Қазіргі таңда әлемдегі спорттық жарыстардың барлығы COVID-19 індетіне байланысты уақытша тоқтап тұр. Ал 2020 жылғы Токио Олимпиадасы тағы бір жылға ұзартылып, 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтетін болды.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2020
Қалғымайтын қаладан – карантиндегі қалаға дейін
Әдетте елорданың тіршілігі күні-түні бір дамылдаған емес. Қай саланың да қазандығы үздіксіз қайнап жататын. Ал қазір бас шаһардың тынысы бұрынғыдан өзгерек. Қаптаған көліктің шуы азайып, тірлік саябырсыған. Қалғымайтын қаланың тұрғындары да жым-жырт...Карантин өйткені. Қаланың қазіргі дамылдаған кезеңі әдеттегі күндегі түнгі тыныштықпен пара-пар келеді екен.
Абай • 01 Сәуір, 2020
Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғаласының елордалық штабы #бізүйдеміз #мыдома челленджін қолдау мақсатында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Көзімнің қарасы» әнін орындады.