Аймақтар • 01 Сәуір, 2020
Қостанайда аялдамаларды залалсыздандыру басталды
Қостанайда аялдама тұрақтарын залалсыздандыру шаралары жүріп жатыр. Бұл жұмыстарды алты мердігер ұйым жүргізеді. Облыс орталығында 430 аялдама тұрағы бар. Мердігердің міндеті - солардың бірін де қалдырмай күнделікті залалсыздандырып отыру. Бұл мақсатқа арнайы қаржы бөлініп, қала әкімдігі мердігер ұйымдармен келісімшартқа отырған. - Олар әр аялдаманы кем дегенде күніне бір рет дезинфекциялап тұрады, – деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Наурызбай Мусин.
Қаржы • 01 Сәуір, 2020
Жаңа әлеуметтік төлемдерге табыс салығы салынбайды
Еліміздегі төтенше жағдайдың орын алуына байланысты кірісін жоғалтқан азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жаңа әлеуметтік төлем тағайындалғаны белгілі. Енді бұл әлеуметтік төлемдерге салық салына ма?
Аймақтар • 01 Сәуір, 2020
Түркістан: Инфекция анықталған ауыл мен мөлтек ауданда карантин жарияланды
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде соңғы екі күнде орын алған жағдайға байланысты тұрғындарға үндеу жолдады. Бірінші сәуірде облыста COVID-19 вирусын жұқтырған азаматтардың саны 5-ке жетті. Науқастардың ахуалы қалыпты жағдайда, дәрігерлердің бақылауына алынып, емдеу жұмыстары жүргізілуде.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2020
Шымкент: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 65 млн теңге бюджет қаражатын үнемдеді
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т. Серікбаев онлайн-брифингте хабарлады.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2020
Алматыда коронавирустан жазылған бүлдіршін ауруханадан шықты
Алматыда коронавирус жұқтырған екі жасар сәбидің дертінен құлан таза айыққаны туралы бұған дейін айтқан едік. Бүлдіршін бүгін ауруханадан шықты. Сондай-ақ күні бүгін қаладағы инфекциялық стационарлардан COVID-19 расталған тағы да екі пациент сауығып, ауруханадан шығарылды.