«Бұл Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан бір бала мен екі ересек пациент. Ауруханадан емделіп шығарылған пациенттер 14 күндік үй карантинінде болады», – деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тлеухан Абилдаев.
Мамандардың сөзінше, екі пациент 13 наурызда Берлин – Минск – Алматы чартерлік рейсімен ұшып келген. Экипажды қоса алғанда, 12 адамның барлық борты оқшаулауға, карантинге, инфекциялық стационарға орналастырылды, зертханалық зерттеуге талдау алынды. Жеті адамның диагнозы расталды. Үшінші пациент – бұрын анықталған науқаспен байланыста болған.
Жалпы Алматыда коронавирустық инфекциядан сауыққан 10 пациент ауруханадан шықты.