ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүзеге асырылатынын айтады.
«Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Заңының 33-бабында баяндалған редакциясында қолданылатын Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 26) тармақшасына сәйкес, жеке тұлғаның салық салынуға жататын табыстарынан Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының әлеуметтік төлемдері алынып тасталады.
Демек, осы әлеуметтік төлемдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетіндіктен, жеке тұлғаның кiрiсiнен алынып тасталады.
Яғни, аталған әлеуметтік төлемдерге жеке табыс салығы салынбайды