Банк • 24 Сәуір, 2023
Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы: Банктердің ахуалы қандай?
Елімізде жеке тұлғалардың банкроттығына қатысты занның жұмыс істей бастағанына бір айдан асты. Осы аралықта азаматтардан 45 223 өтінім келіп түскен. Соның 9 816-сы қарастырылып жатса, 4 905 өтінімге мақұлдау берілген. 30 436 өтінім қабылданбаған. Өтінімдердің басым бөлігі Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан, Алматы мен Астана қаласынан келіп түскен. Осы орайда жеке тұлғалардың банкроттығына байланысты қарыз портфеліндегі есеп-қисабы біраз өзгеріске ұшырауы мүмкін екінші деңгейлі банктерге сауал жолдадық.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2023
Көлік-логистика саласындағы ізденістер
Таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет үйінде өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте байтақ даламыздан өтетін халықаралық дәліздерге аса мән бергені мәлім. Еліміздің Батыс пен Шығыс елдерінің арасына географиялық жағынан өте қолайлы орналасуын есепке алсақ, сала бойынша Президент тапсырмаларын артығымен жүзеге асыруға мүмкіндік мол.
Әдебиет • 24 Сәуір, 2023
Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Әлихан Бөкейхан атындағы сыйлықтың лауреаты, ақын Бақытжан Тобаяқтың 70 жасқа толуына орай «Арқа мен Жетісу айбозы» атты шығармашылық кеш өтті. Ақынның замандастары, зиялы қауым мен оқырмандар қатысқан іс-шарада кеш иесінің шығармашылығы төңірегінде әңгіме айтылып, қазақ өнерінің көрігі қыза түсті.
Экономика • 24 Сәуір, 2023
Қолданыстағы заң идеяны кепілге қоюға рұқсат бергенімен, банктер оны кепілзат деп танып, несие беруге асығар емес. Батыстың дамыған елдерінде IT-дан бастап шығармашылық идеяға зияткерлік меншік құқық беріледі. Банктер оны кепілге алып, несие де үлестіреді.
Қоғам • 24 Сәуір, 2023
Өңірлердегі IT-стартаптарды қолдау және инновациялық жобаларды дамыту мақсатында халықаралық «Astana Hub» технопаркінің қолдауымен «Jaiq Hub» (Батыс Қазақстан облысы) және «Kyzylorda Hub» (Қызылорда облысы) IT-хабтары ашылды.