Аймақтар • 23 Сәуір, 2024
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өткізілген кезекті сенбілік Жезқазған қаласын қысқы қоқыстан жақсылап бір тазартып тастады.
Есірткі • 23 Сәуір, 2024
Синтетикалық есірткі таратушылар көбейген
Облыстық ПД Есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі таратқан бірнеше күдіктіні тұтқындады. Ұсталғандардың бірі интернет-дүкендердің бірінде есірткіні сату үшін қалташаларға буып-түйіп жүрген 39 жастағы әйел болып шықты.
Құқық • 23 Сәуір, 2024
Жол ережесін бұзушылар азаймай тұр
Түнгі рейд. «Шардара – Арыс» тас жолының бойы. «Audi A4» маркілі автокөлігінің жүрісі суыт, жол белгілерін елер емес. Қарсы бағытқа шығып, өз жолына қайта түскен көлікті Шардара ауданының учаскелік полиция инспекторлары тоқтатты. Жүргізуші – нәзік жан, бірақ тым батыл. Сөйтсе... рульде отырған әйел мас екен. «Тойып ішіп алғанмын, сотта жауап беремін!» деген автоледи полицейлерге дөрекі мінез көрсете бастады.
Құқық • 23 Сәуір, 2024
Талапты күшейту – қоғам қалауы
Мемлекет басшысы әйел құқығы мен бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған заңға қол қойғаннан кейін бірқатар маңызды құжатқа тұрмыстағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілді. Енгізілген түзетулер қоғамда қызу талқыланып жатыр. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату туралы онлайн петицияны 154 мыңнан астам отандасымыз қуаттады. Енді қалың бұқара осы заң қағидаларының орындалуын, қоғамда әділет орнығуын тілейді. Аталған заңдардың жай-жапсарын Әділет вице-министрі Лаура МЕРСӘЛІМОВА да жан-жақты түсіндіріп берген еді.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
Былтыр 50 жастан асқан аналар 96 баланы дүниеге әкелген
Ұлттық статистика бюросы 2023 жылы Қазақстандағы туу көрсеткіші туралы деректерді жариялады. Былтыр елімізде 388 428 бала дүниеге келген. Оның ішінде 51,6% – ұлдар, 48,4% – қыздар, деп жазады Egemen.kz.