Медицина • 20 Сәуір, 2017
Құндылықтарын қастерлеген мемлекеттің мерейі үстем
Біз алдағы 26 сәуірде өтетін ҚХА-ның ХХV сессиясы қарсаңында осы жиынға бара жатқан делегаттарға жолығып екі сұрақтан қойған едік.
Медицина • 20 Сәуір, 2017
Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимараты немесе «Достық үйі» өткен жылдың ақпан айында ашылды. Бұл күн өңірдегі ұлттық-мәдени орталықтар өкілдері мен қоғамдық ұйым жетекшілері үшін ең салтанатты мерекенің бірі болған еді. Орал қаласының ең сәулетті, су жаңа «Астана» шағын ауданында бой көтерген жаңа ғимараттың тұсаукесер рәсіміне Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының сол кездегі орынбасары, Ассамблея Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов арнайы келген-тін.
Медицина • 20 Сәуір, 2017
«Достық үйінің» дәлізі бос болмайды
Киелі Маңғыстау өңірінде бүгінде 50-ге жуық этностың өкілдері өмір сүруде. Әр мерекеде қоян-қолтық араласып, ұйымдаса жөнелетін ұлттардың ұрпақтары, тіпті 14 наурызда Отпан таудың басында Амал мерекесіне жиналып, көрісуді де ұмытпайды.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2017
Семей қаласының көшелері көлкіген суға толып, күрт еріген қар суы даңғыл жолдармен қатар, қала шетіндегі жер үйлердің ішіне де кіріп кеткен еді. Қазіргі уақытта жағдай қалпына келді. «Облшығысжол» мекемесі мамандарының айтуынша, тек «Семей – Курчатов» тас жолының 4-130 шақырымы арасында ғана көлік қозғалысына шектеу қойылыпты.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2017
Қостанай облысының Қарасу ауданына қарасты 4 елді мекен аумағында су сору мен тасқын суға қарсы жүргізілген жұмыстар нәтижесінде тұрғындар өз үйлеріне орала бастады.