Әдебиет • 23 Сәуір, 2023
Былтыр жазушы Әлібек Асқаров Саха (Якутия) Республикасына іссапармен барған. Бұл соның нәтижесінде жарық көрген кітап. «Cаха-Якутия. Ақ қар, көк мұз әлеміне саяхат» деп аталады. Кеше ғана аяқталған Еуразиялық кітап-жәрмеңкесінде Якутиядан келген қонақтардың қатысуымен кітаптың таныстырылымы өтіп, оны мемлекет және қоғам қайраткері Сауытбек Абдрахманов жүргізді.
Футбол • 23 Сәуір, 2023
«Тобыл» мен «Ақтөбе» тең түсті
Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 7-турында «Тобыл» мен «Ақтөбе» жасыл алаңға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Пікір • 23 Сәуір, 2023
Қазақстанда спортқа деген қамқорлық ерекше. Әр жыл сайын осы саланы дамытуға мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлінеді. Ірі қалалардан бастап, аудан орталықтарына дейін спорт кешендерінің салынуы, республикамыздың әр аймағында дүбірлі додалардың жиі ұйымдастырылуы, байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырына көтерілген саңлақтардың мол көлемде сыйақы алуы осы сөзіміздің айқын дәлелі.
Хоккей • 23 Сәуір, 2023
Кореяны қарсылас құрлы көрген жоқ
Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы мамыр айында Латвия мен Финляндияда жалауы желбірейтін әлем чемпионатына дайындық жұмысын бастады. Ғалым Мәмбеталиев жетекшілік ететін құрама жаһандық дода алдында оқу-жаттығу жиынын елордадағы «Барыс Арена» мұзайдынында өткізіп жатыр. Өткен сенбі күні Қазақстан ұлттық құрамасы Оңтүстік Корея хоккейшілерімен жолдастық кездесу өткізіп, алғашқы ойында ірі есеппен жеңіске жетті.
Шахмат • 23 Сәуір, 2023
Классикалық шахматтан елордада өтіп жатқан әлем чемпионатының матчтары аяқталуға жақын. Өткен аптаның соңында екі гроссмейстер қатарынан екі ойын өткізіп, екеуінде де жеңімпаз анықталмады. 8-партияда Дин Лижэнь ақ тастармен ойнап, тең нәтижеге қол жеткізсе, 9-партияда Ян Непомнящий де ақ тастармен жеңіске жете алмады. Дегенмен, тоғыз партиядан кейін ФИДЕ туы астында өнер көрсетіп жатқан Непомнящий жалпы есепте алда келеді – 5-4.