Аймақтар • 20 Сәуір, 2017
Жетісу жерінде биыл көктем жайымен келді. Жаңбырлы болғанымен, жадырай шыққан күн таулардағы ақ қарды өз мезгілінде ерітіп те отырды. Сондықтан Талғар, Есік, Түрген, Қаскелең, Қарғалы, Сарқан, Ақсу, Тентек, Қаратал өзендері арналарынан аспай, арындамай ақты. Нәтижесінде елді мекендерге қар суының қаупі төнген жоқ.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2017
Қазіргі кезде облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті полиция қызметі бірлесіп, судан зардап шеккен елді мекендерде қызу жұмыстар жүргізуде.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2017
Адамдар үйлеріне орала бастады
Қазіргі уақытта Қарағанды облысының елді мекендерінде су тасқынына қарсы апаттық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Бұқар жырау, Қарқаралы, Абай, Шет және Нұра аудандары ерекше бақылауда тұр.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2017
Сәуір айының орта шені Жамбыл жері үшін де жауын-шашынды болды. Екі күн толассыз жауған жаңбыр жер өрісін кеңіткенімен, халық көңілін аласапыран еткені анық. Бірақ өңірде ешқандай су тасқыны, бөгетті бұзу оқиғалары орын алған жоқ.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2017
Ғ.Мүсірепов ауданында тасқын су салдарынан төтенше жағдай жариялануы облыс тұрғындарын бейжай қалдырған жоқ. Зардап шеккендерге іле-шала қайырымдылық шараларын ұйымдастыру басталып кетті. Алғашқылардың қатарында Аққайың ауданына қарасты «Дайындық» ЖШС-нің директоры Біржан Шаймерденов үн қосып, жерлестерін ерікті акцияларға белсене қатысуға шақырды.