Руханият • 22 Мамыр, 2019
Адамзаттың Айтматовы – Арқа төрінде
Таяуда Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қырғызстан – Астана» этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен әлем әдебиетінің классигі Шыңғыс Айтматовқа арналған «Тау мен дала кездесуі» атты шығармашылық кеш өтті. Аталған ауқымды іс-шараға Қырғызстанның қоғам қайраткері, жазушы, Розетта Айтматова және белгілі қоғам қайраткерлері, жазушылар, ғалымдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, елшіліктердің, этномәдени бірлестіктер мен ҚХА жастар қанатының өкілдері қатысты.
Қоғам • 22 Мамыр, 2019
Мемлекет пен меценат тізе қосса, тұрғын үй мәселесі түбегейлі шешіле ме?
Бүгінде елімізде 30 мыңнан астам көп балалы отбасы баспанасыздар қатарында өмір сүріп жатыр екен. Олар бірінші кезекте тұрғын үймен қамтылатын әлеуметтік топ санатына кіргенімен, мемлекет әлсіз қорғалған әулеттерді бірден баспаналы етуге қауқарсыз.
Видео • 22 Мамыр, 2019
Үкіметке жұмыспен қамту мәселесіне қатысты жеті міндет жүктелді
Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек және жұмыспен қамту мәселелері бойынша өткізген жиында айтылды.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2019
Маңғыстау халықаралық құқық қағидаттарына қауқарлы
Геоэкономикалық тұрғыда қолайлы мекен болып табылатын Маңғыстау өңірі енді инвесторлармен халықаралық құқық қағидаттары бойынша жұмыс істейтін болады. «Астана халықаралық қаржы орталығы» қатысушыларын Маңғыстау облысының экономикасына инвестиция құюға шақыру арқылы аймақтың экономикалық әлеуетін арттыру мақсатындағы келісімдер өңір басшылығы мен аталған қаржы орталығы арасында жасалды.
Руханият • 22 Мамыр, 2019
Соңғы күндері әлеуметтік желілерде көліктеріне «Вежливые люди» деген жазуы бар қағаз жапсырып алатын азаматтардың суреттері жиі шыға бастады. Көбі көліктерінің терезесіне жапсыратыны байқалады. Әрине, «әркімнің жеке меншік мүлкі ғой, өзі біледі емес пе?» деп уәж айтқыңыз келетін шығар. Бірақ «сыпайы адамдар-вежливые люди» деген атаудың қайдан шыққанына назар аударып көрдіңіз бе? Бұл жазу ел азаматтарының қандай ниетте жүргенін көрсететін белгі екенін білесіз бе?