Спорт • 24 Мамыр, 2022
Иранның бас шаһары – Тегеранда волейболдан ерлер арасындағы Азияның клубтық чемпионаты аяқталды. Өкінішке қарай, бұл жарыста «Тараз» жеңіс тұғырына көтеріле алмады.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2022
Балалар жылы аясында ұйымдастырылған облыстық байқауға декоративті-қолданбалы өнермен айналысып жүрген 11-17 жас аралығындағы алпысқа жуық оқушы қатысты. Көрмеге он саусағынан өнер тамған жас өскін дарындардың қолынан шыққан қолөнер туындылары қойылды.
Спорт • 24 Мамыр, 2022
«Шіркін, Зидан қазақ болғанда ғой!»
«Шіркін, Зидан қазақ болғанда ғой!», «Ан мықты ма? Кан мықты ма?», «Гол кірмесе кірмесін, тек Дюгарри аман болса екен», «Бір голдың болатыны сөзсіз бүгін, дәл қай минутта екенін айта алмаймын», «Барысша атылып, кенеше жабысты», «Түйенің қос өркешіндей жарасып келе жатқан Фло мен Каннаваро», «Қырық жыл қорғаныста ойнаппыз. Мүмкін шабуылдау керек пе еді?», «Былай қарасаң, екі қол, екі аяқ біздің де футболшыларда бар, иә?», «Аюдың апанындай қақпа тұрғанда, алақандай ғана маңдайшаға тигені несі депті ауылдағы бір апамыз», «Ойбай-ау, Мұхтархан ұйықтап жүріп осылай бокстасса, оянып кетсе, онда не болады?»...
Хоккей • 24 Мамыр, 2022
Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы кеше Финляндия астанасы – Хельсинкиде ұйымдастырылған әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы ойынын өткізді. Жерлестеріміз Хельсинкиде орналасқан 10 мыңға жуық жанкүйер сыятын «Мұз сарайы» мұзайдынында жеті кездесу өткізіп, біреуінде ғана жеңіске жетті. Сөйтіп, өзінің элиталы дивизиондағы орнын сақтап қалды. Ал бұған дейін Дания құрамасынан (1:9) ірі есеппен ұтылса, кейінгі турларда Франция (1:2), Швейцария (2:3), Канада (3:6) және Словакия (3:4) құрамаларынан жеңіліп қалған еді.
Экология • 24 Мамыр, 2022
«Жасыл» өсім орнықты дамуға жетелейді
Кез келген мемлекет тұрақты даму мақсаттарына жетуді көздесе – экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелерге баса мән беруге тиіс. Әсіресе соңғысы Қазақстанда аса өзекті. Айталық елімізде климаттың өзгеруі, биоалуандықты сақтау және қоршаған ортаның ластануына қатысты қордаланған проблема көп.