Елорда • 23 Мамыр, 2024
Туристерге құшақ жайған Астана
Астананың географиялық аумағы, инфрақұрылымы оқиғалық, іскерлік, медициналық туризмге қолайлы. Қызмет көрсету сапасы да өзге қалалардан көш ілгері. Осы басымдықты басшылыққа алып, тағы да ширата түссек, елордаға сапарлайтын қонақ көбейеді.
Қоғам • 23 Мамыр, 2024
Жыл басталғалы бері елімізде 6 мың жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 542 адам қаза тапса, 7 мыңнан астамы жарақат алған. Бұл осыдан 15 жыл бұрынғы жағдайдан екі есе аз көрсеткіш. Орталық коммуникациялар қызметінде «Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында өткен брифингте ІІМ өкілі осы және өзге де маңызды деректерді мәлім етті.
Ауа райы • 23 Мамыр, 2024
23 мамырға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктердің болжамы бойынша, 23 мамырда атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жоба • 23 Мамыр, 2024
Жаңалыққа жаны құмар тараздық білім алушылар жаңа бір жобаны жүзеге асыруға ынта-шынтасымен кірісіп отыр. Айтуларынша, жасанды интеллект көмегімен қолға алынған жоба агросектордағы қордаланған бірқатар жұмысты жеңілдетуге септігін тигізеді. Сондай-ақ бірқатар өзекті мәселенің түйінін тарқатуға ықпал етеді.
Қоғам • 23 Мамыр, 2024
Мұғалім директор болғысы келмейді. Неге?
«Бұрындары бір жерде басшылық орын босай қалса, соны иемденіп қалуға тамыр-таныс жағалап, араға адам салып жүреді» дегенді жиі еститін едік. Қазіргі уақытта осы жағдай мүлдем өзгерген секілді. Бәлкім, жалақысы жартымсыздау болған соң ба екен, Ұлытау облысындағы білім саласына қатысты мекемелердің көпшілігіне басшы табу кәдімгідей қиын мәселеге айналып кетіпті.