Медицина • 23 Мамыр, 2024
Қарағанды дәрігерлері ауыр дертке шалдыққан екі айлық балаға күрделі операция жасап, сәбиге өмір сыйлады. №2 көпсалалы аурухананың дәрігерлеріне, кардиологиялық орталықтың хирургтеріне баланың ата-анасы алғыс жаудырды.
Президент • 23 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Сингапур Президентінің Istana сарайына барды
Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент Тарман Шанмугаратнам қарсы алды. Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құрылыс • 23 Мамыр, 2024
Заңсыз салынған құрылыстың зардабы
Алматыда заңсыз салынған құрылыстың салдарынан сазды лай көшкіні жүріп, соңы қайғылы оқиғаға ұласқанын жұрт әлі ұмыта қойған жоқ. Төпелеген нөсерден кейін Керей-Жәнібек хандар көшесінде асфальттың бір бөлігі опырылып, кәріз желілері бітеліп қалған еді.
Қоғам • 23 Мамыр, 2024
Жемқорлық тыйылса, жол түзеледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында: «Автокөлік жолдарының құрылысы мәселесі шешімін табуға тиіс. Қазір оның сапасы сын көтермейді. Тиісті жұмыстар уақтылы және сапалы жасалмайды. Жемқорлық белең алып тұр, бәсеке де жоқтың қасы. Мұның бәрі – осы салада әбден тамыр жайған кемшіліктер», деген еді.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2024
Құлсары: Береке бастауы – келісім
Құлсары қаласының тұрғындары жақында Жылыой аудандық әкімдігінің алдына жиналған еді. Күн тәртібіндегі мәселе – тасқын су басқан тұрғын үй үшін лайықты өтемақы алу.