Қоғам • 21 Мамыр, 2023
Қалалану үрдісінің қарқыны қандай?
Аспаны алақандай, жері тебінгідей, іркес-тіркес құрылыстар, ию-қию қиылыстар, қайшыласқан көшелер, жөңкілген көліктер, әрі-бері сапырылысқан адамдар ағыны. Бұл – қала. Ақшамнан кейін аспан айналып жерге түскендей, жылт-жылт еткен қала оттары жымыңдап көзді арбайды. Осылайша қалалар өркениетімен күллі адамзатты өзіне магнитше тартып, қарақұрдымша жұтып барады.
Спорт • 21 Мамыр, 2023
Премьер-лига: «Қайсар» сырт алаңда «Қайратты» жеңді
Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 10-турында «Қайсар» сырт алаңда «Қайратты» жеңіп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ипотека • 21 Мамыр, 2023
Өңірде баспана алуға арналған бағдарламалар бар. Атап айтқанда, жастарға, кенші металлургтерге бағытталған ипотекалық бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Бұл – облыс әкімдігі мен «Отбасы банкінің» бірлескен жобасы. Мәселен, былтырдан бастап жас мамандарға арналған жеңілдетілген ипотека бағдарламасы іске қосылды. Оның пайыздық мөлшерлемесі 5 пайыз. Осы арқылы әлеуметтік, бюджеттік саладағы жастардың баспана алуына мүмкіндік мол. Тау-кенде жүрген металлург пен кеншілерге де берілер ипотеканың игілігін ел екінші жыл көрмек.
Руханият • 21 Мамыр, 2023
Ел басына күн туып, қазақ жұрты бөлшектеліп, тарих сахнасынан мүлде ысырылып қалу қаупі туған Абылай хан заманында ұлтымыздың ұранына айналған тұлғалар аз болмаған. Әуелі Құдай, содан кейін осы арыстардың арқасында әлгі аты жаман қауіп-қатердің беті қайтты...
Алматы • 21 Мамыр, 2023
Мереке түн ауғанша толастамады
Бір күндік акция Алматыда да сәтті өтті. Музейі көп шаһардың тұрғындары бұл мерекені асыға күтеді. Руханияттың баға жетпес байлығын көздің қарашығындай сақтап, өнер мен мәдениеттің шырақшысы міндетін абыройлы атқарып, кәсіби мерекесін бүкілхалықтық айтулы шараға айналдыра білген музей қызметкерлері бұл күні келгендерге есігін ақысыз айқара ашады.