Аймақтар • 18 Мамыр, 2018
Маңғыстауда сауда нысандарына жоспардан тыс тексеру жүргізілді
Тексеру қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы ТЖ департаментінде департамент бастығы Қ. Базарбаев пен бастықтың орынбасары М. Мұхановтың төрағалығымен «Облыс аймағында орналасқан сауда нысандарының өртке қарсы жағдайы және тексеру нәтижесі» тақырыбымен брифинг өтті.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2018
Қостанайлықтар актер Әнуар Боранбаевты еске алды
Қостанай қаласындағы Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап кітапханада жерлестері Қазақстанның халық әртісі Әнуар Боранбаевты еске алу кешіне жиналды. Ол туып өскен Амангелді ауданының 90 жылдығына арналған аудандық кітапхананың Қостанайдағы күндеріне орай Әнуар Боранбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды. Онда актердің жеке заттары, ол туралы жазылған естелік кітаптар, спектакльдер ойнағанда тұтынған заттары, фотосуреттері қойылған.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2018
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық сана мәселесі туралы кеңінен айтылғаны белгілі. Президент мақаласындағы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде жәдігерлерге арналып QR-код орнатылды.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2018
Ақмола облысында жұмыстан шығарылғандар қатары азаюда
Ақмола облысында мемлекеттік қызмет жүйесінен кеткен қызметкерлер саны айтарлықтай азайды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов осы жылдың бірінші тоқсанын қорытындылаған брифинг барысында осындай мәліметті көлденең тартты.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2018
«Бесоба» тұрғын үй кешеніне қатысы барларға сот қорытынды шешім шығарды
Қарағандыда осыдан алты жыл бұрын қопарыла құлап, үйіндіге айналған «Бесоба» тұрғын үй кешеніне қатысы бар құрылыс компаниялары мен лауазымды тұлғаларға қатысты сот қорытынды шешім шығарды. Астана және Қарағанды қалаларындағы бес құрылыс компаниясы мен сол кезде жауапты қызметте болған 13 адам мемлекетке 598 миллион теңгеге жуық қаражатты қайтаруы тиіс.