Аймақтар • 31 Мамыр, 2017
Зардап шеккендер баспанасыз қалмайды
Қарғын судан зардап шеккен Атбасар қаласының тұрғындары енді баспанамен қамтамасыз етілетін болады. Бұл жөнінде қала әкімі Нұржан Құмбатыров мәлім етті. Оның атап өткеніндей, ауданда 650 нысан судың астында қалған. Соның 644-і тұрғын үй болса, бір №1 орта мектеп, қала сыртында орналасқан «Ишим» сауықтыру кешені және көлік желілері екен.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2017
Шараға Үкімет жанындағы республикалық терминология комиссиясының мүшелері, терминолог-ғалымдар, министрліктердің тіл саласына жауапты қызметкерлері қатысты. Жиналған қауым терминжасамның бағыттары жайында пікір алмасып, олардың тиімді жолдарын талқылады.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2017
Таяуда Барқытбел бауырындағы барақатты елдің батыр да дана аналарға деген айрықша құрметінің куәсі болдық. Ауданда аналарға арналған алып ескерткіштер мен саябақтар бой көтеріпті. Үш жылдан бері үздік тәрбие үлгісін көрсеткен аналарға арналған төсбелгі тапсырылып келеді екен.
Футбол • 31 Мамыр, 2017
Футболдан премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 14-туры турнир кестесіндегі жағдайға бәлендей өзгеріс әкемеді. Көш басындағы командалар өздерінің кезекті жеңістеріне қол жеткізді. Оның ішінде «Астананың» ірі жеңісін бөле-жара айтуға болады. Қарағандының «Шахтерін» қабылдаған елорда клубы қарсыластар қақпасына төрт гол соқты. Бұл жерде «Астана» командасының шабуылшысы Кабананганың үш бірдей гол соғып, хет-трик авторы атанғанын айта кеткен ләзім. Сөйтіп, шабуылшы гол саны бойынша алысқа ұзап кеткен Гоумен арадағы қашықтықты жақындата түсті.
Жазғы спорт • 31 Мамыр, 2017
кәсіпкердің қолдауы арқасында өңірде алғаш рет ұлттық лигада өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Кәсіби ойын өрнегімен жанкүйерлерін қуантып, өңірдің намысын абыроймен қорғап жүрген «Қуаныш» қыздар командасының Ұлттық лигаға жолдама алуы – облыстың волейбол тарихында бұрын-соңды болып көрмеген үлкен жетістік! Біз команданың аға жаттықтырушысы Азамат ЕСІМОВКЕ жолығып, ұжымның құрылу, қалыптасу, тәжірибе жинақтау және табысқа жету жолдары жайлы әңгімелескен едік.