Қоғам • 26 Мамыр, 2020
Қоғамда қайырымды жандар көбейіп келеді
Атқарушы биліктің назарынан тыс қалған шетін мәселелерді шешуде және көмекке зәру, шарасыз қалған тағдыры қиын жандар мен отбасылардың басындағы ауыртпалықты жеңілдетуде, оларға қуаныш сыйлауда қайырымдылық қағидаттары негізінде амал жасап жүрген отандастарымыз, Құдайға шүкір, көбейіп келеді.
Қоғам • 26 Мамыр, 2020
Жүйеге жаңа серпін береді - Төлеутай Рақымбеков
Кеше Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды. 2019 жылдың желтоқсанында өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Президент жария еткен саяси реформаларды әрі қарай дамытудағы, демократия жолындағы іс-шара ретінде осы екі заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажеттігін жариялаған болатын. Көріп отырғанымыздай, реформалар жүзеге асып, өзгертулер енгізіле бастады.
Қоғам • 26 Мамыр, 2020
Өтініш арқылы шеруге шыға аласыз - сарапшы
Пандемия жағдайы – оның мемлекеттер экономикасына тигізетін теріс әсерін ескерсек, бүгіннің ең өзекті мәселесі – экономиканы әрі қарай дамытуға назар аудара отырып, әлеуметтік-саяси өмірді жаңғырту. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл процестердің синергиясының маңыздылығын атап өтті. Экономикалық өсудің жаңа сапасына қол жеткізу әлеуметтік-саяси жүйедегі ілгерілеумен қатар жүруі тиіс.
Қоғам • 26 Мамыр, 2020
Жасөспірімдердің тәртібін қадағалау мен құқығын қорғау өзекті болып тұр
Бүгінде бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген сұмдықты жиі еститін болдық. Сол сияқты жас құрақтай желкілдеп өсіп келе жатқан жасөспірімдердің тәртібін қадағалау мен құқығын қорғау да бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі. Қоғамда бір жағынан кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жағдайы алаңдатса, екінші жағынан олардың құқығының тиісті деңгейде қорғалуы да үлкен мәселе. Әйтпесе қазіргі кезде жасөспірімдердің балаң ғұмырына балта сілтеп, тағдырын тауқыметке байлап жатқан оқиғалар жиі орын алуда.
Қоғам • 26 Мамыр, 2020
Қоғаммен байланыс күшейе түсті
Төтенше жағдай бойынша өткізілген мемлекеттік комиссия отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің алдын алу шараларын күшейте отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысындағы басымдылықтарды қайта қарауға тапсырыс берілген болатын.