«Алтын адам» – біздің ұлттық кодымыз
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғам алдына «ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде?» деген сұрақты төтесінен қоя отырып, оның қазіргі таңдағы шешімі ретінде: «Меніңше, басты кемшілігі – олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай» дегенді айтады.
Қазақстан • 18 Мамыр, 2017
Игі бастамаларды қолдау − азаматтық парызымыз
Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің 17 наурыз күнгі санында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің «Мақсат – уақытпен үндесе алға басу» атты мақаласы жарияланған болатын. Онда министр соңғы кездері жүзеге асырыла бастаған жаңа бастамалар мен өзгерістер жөнінде толық түсініктеме бере келе, балаларымыздың қарыштап алға қарай кетіп бара жатқан заманауи, бәсекеге қабілетті әлемде өмір сүрулері керектігін атап өтіпті. Расында да, болашағымыз жастардың уақытпен үндесе заманның талабына сай өмір сүруі, бәсекеге қабілетті маман болуы маңызды. Білім саласындағы бастамалар да осындай игі мақсаттарды көздейді.
Білім • 18 Мамыр, 2017
Мақсат – интеллектуалдық әлеуетімізді дамыту
Сенат депутаттары Астанадағы «NURORDA» мектеп-лицейінде болды. Мұнда «Білім-инновация» және «Білім-орда» халықаралық қоғамдық қорларының ұстаздары және басшылығымен кездесу өтті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Инфографика • 18 Мамыр, 2017
Қазақстанда МӘМС жүйесін енгізу бойынша сұрақтар мен жауаптар (4-бөлім)
Парламент • 18 Мамыр, 2017
Рухани келісімде өмір сүріп үйренейік
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық деңгейдегі бастамаларының қайсысы болсын әлемдік қоғамдастық тарапынан барынша қолдау тауып келеді. Мемлекет басшысының, әсіресе, жаһандық қауіпсіздік, терроризм және діни экстремизммен күрес тұрғысындағы игі бастамаларының жөні бөлек. Осы орайда, Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 3 жыл сайын өткізіліп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің мән-маңызын айрықша атап өтуіміз керек. Дінаралық келісім мен татулық әлем халқының бейбіт өмір сүруіне кепіл болатынын ескере сөйлесек, бұл съездің қаншалықты маңызды екені ұғынықты бола түседі. Съезд қазіргі таңда үлкен беделге ие. Ол алуан түрлі дін өкілдерінің басын қосып, әлем халықтарының бейбіт өмір сүруі жолында ынтымақтастық пен бірліктің өзектілігін және оны іске асырудың қажеттілігін паш ететін беделді үнқатысу алаңына айналып үлгерді. Бұл өз кезегінде қоғамдық келісім мен дінаралық татулықтың озық үлгісін көрсетіп келе жатқан еліміздің, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың әлем алдындағы жоғары беделін көрсетеді.