Аймақтар • 12 Мамыр, 2015
Петропавлда Ұлы Жеңіс күні аталып өтті (фото)
Қалада солтүстікқазақстандықтардың көңіл-күйі ерекше көтеріңкі. Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тағатсыздана тосқан олар әлем тарихында алтын әріптермен өшпестей жазылып қалған осынау ұлық мерекені тойлау үшін Театр алаңына қарай толассыз ағылды.