Әдебиет • 24 Мамыр, 2021
Уақыт тегершігі қозғалған сәттен бері әр кезеңнің өз жазушысы, өз тарихшысы бар деп білеміз. Яғни кез келген қоғамның психологиясын өз суреткері баяндайды. Ал қазіргі қазақ өмірі көркем шығармада қалай бейнелеп жүр? Әдеби сауалдамамыздың кезекті қонақтары – әдебиетіміздің жас буын өкілдері.
Қоғам • 24 Мамыр, 2021
Берікті өскемендіктердің тең жартысы біледі. Қымыз балмұздақ өндіретін жігіт деп таниды оны. «Еңбегіңнен ел таныр» деген осы шығар. Берік Рахметқалиевтың дөңгелетіп отырған өзге кәсіптері болғанымен, қымыздан балмұздақ жасап сатуға ерекше көңіл бөліп отыр. Заманның талабына қарай ұлттық бренд қалыптастырғысы келеді.
Экономика • 24 Мамыр, 2021
Алпауыт ұжым алдағы жоспарымен бөлісті
Қаржылық нарықта қомақты үлеске ие «Еуразиялық банк» Қазақстандық тұтынушыларға қарқынды қызмет көрсетіп келеді. Ел үшін аса күрделі болған 2020 жылы банк кіріс көздерін жоғалтқан клиенттерге несиелер мен бөліп төлеу карталары бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға жәрдемдескен санаулы ұжымдардың бірі. Алматы қаласында журналистермен жүздескен банктің басқарма төрағасы Валентин Морозов алпауыт ұжымның алдағы жоспарымен бөлісті.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2021
Өңірдің эпидемиялық жағдайымен танысты
Қарағанды облысы бір айдан аса уақыт «қызыл аймақта» тұр. Сондықтан індетпен күрес іс-шараларын барынша күшейткен жөн. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өңірге жұмыс сапары барысында эпидемиялық ахуалмен танысып, халықты вакциналау барысын тексерді.
Қоғам • 24 Мамыр, 2021
Қарағандының маңындағы Пришахтинск елді мекенінде жергілікті «Отзыв» қоғамдық қорының мұрындық болуымен «Мұқтажсың ба – ал, мырзасың ба – сал» деп аталған қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.