Құқық • 19 Мамыр, 2023
Қылмысты мойындау жазаны жеңілдете ме?
Әділет министрлігі Мәжіліс депутаттарына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.
Тәрбие • 19 Мамыр, 2023
Баланы ұрып тәрбиелей алмайсың
Елімізде жыл сайын жауапсыз ата-аналар қатары өсіп келеді. Былтыр 7 203 қамқоршы әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 2021 жылы ата-аналық міндетін орындамаған 5 мыңнан астам азамат тіркелген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлімдеді.
Құрылыс • 19 Мамыр, 2023
Баспанамен қамтудың барысы қалай?
Кейінгі жылдарда құрылыс компаниялары табыс табудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізгені туралы айтылып жүр. Ел экономикасында алабөтен орын алатын құрылыс – бүгінде инвестиция көптеп құйылатын негізгі саланың бірі. Ресми деректер құрылыс саласы ішкі жалпы өнімнің 6 пайызын иемденетінін айтады. Бұл ретте Қарағанды аймағында баспана салу бірнеше есеге артқанын атап өту керек. Нақтыласақ, Қарағанды – республикада құрылыс бойынша бесінші орында. Ал ел экономикасындағы үлесі – 5,6 пайыз. Бірақ құрылыс қарқын алғанымен, бұқараны баспанамен қамтуда сұранысты толық өтеу әзірге мүмкін болмай тұр.
Медицина • 19 Мамыр, 2023
Медициналық көмек сапасы көңіл көншіте ме?
Кейінгі жылдары халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетіліп, денсаулық сақтау саласы біршама жүйеленгенін білеміз. Міндетті «әлеуметтік медициналық сақтандыру» енгізілгелі сала мамандарының жауапкершілігі артқаны байқалады. Өйткені сақтандыру қорына ай сайын жарнасын аударып отырған азаматтардың медициналық көмектің сапасына қатысты талап қоюы қалыпты жағдайға айналып келеді.
Денсаулық • 19 Мамыр, 2023
Қауіпті дерттен қорғана біліңіз
Тілге тиек етіп отырғанымыз – АИТВ/ЖИТС індеті. Қарапайым тілмен айтқанда, АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) жұқпасы ЖИТС-тің (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) басты себебі болып саналады. Ол АИТВ жұқтырған адамның қаны, шәуеті, қынап сұйықтары, ана сүті, дені сау адамға басқа да биологиялық сұйықтықтар арқылы берілуі мүмкін. Нашақорлардың ине мен шприцті бірнеше рет пайдалануы да АИТВ-ның есірткі қолданушылар арасында таралуына әкеліп соғады.