Аймақтар • 22 Мамыр, 2024
Қостанай облысында 208 отбасы баспаналы болды
Қостанай облысында табиғи апат салдарынан баспанасынан айрылған тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Мәселен, 21 мамырда 74 отбасы облыс орталығында жаңа бой көтерген тұрғын үй кешеніне қоныстанды. Жаңа үйге облыс әкімі Құмар Ақсақалов арнайы барып, тұрғындарды құттықтап шықты.
Өндіріс • 22 Мамыр, 2024
Ас тұзын өндіретін «Алтын Орда»
Азық-түлік саласында айрықша рөлі бар өнімнің бірі – тұз. Жалғыз бұл салада ғана емес, кейбір өндірістік жұмыстарға да пайдасы зор элементтің адам өмірінде маңызы ерекше. Біздің елден шығатын осы өнім ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймайды, ТМД елдеріне де экспортталады.
Қоғам • 22 Мамыр, 2024
Құтқарушыларды іздеу қайта жанданды
«Майқайыңалтын» АҚ жер астына автобуспен бірге түсіп кеткен азаматтарды іздеу жұмыстарын қайта жалғастырды. Кәсіпорынның жаңа басшылығы ойық астында жатқан қос құтқарушыны қайтсе де іздеп табуға бел байлаған тәрізді.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2024
Сыр өңірінде тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтеруді көздеген «Таза Қазақстан» республикалық акциясының әр кезеңі ұтымды ұйымдастырылып, тазалыққа жұмылған жұрттың қатары көп болды. Мемлекет басшысы бастамашы болған акция аясында облыс пен аудан орталықтары ғана емес, ауылдарда да мыңдаған көшет егіліп, күл-қоқыс шығарылды. Бір-біріне жалғасқан сенбіліктер нәтижесінде су айдындары мен өзен-көл жағалаулары тазартылды.
Экология • 22 Мамыр, 2024
Ауа райы Алматыдағы көшет егу ісіне ерекше қарайласып тұр. Әлсін-әлсін құйып өтетін жаңбыр жаңа отырғызылған жасыл желектерді суаруды айтарлықтай жеңілдетіп отыр. Оның үстіне биылғы тазалық, көгалдандыру жұмыстары айрықша атаулармен өтіп жатыр. Дегенмен биылғы «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына атсалысуды өздеріне парыз санаған 400 мыңнан аса адамды ерекше алғыс сезіммен атап өтуге болады. Оның ішінде өз әріптестеріміз де бар.