Хоккей • 18 Мамыр, 2023
Олимпиада чемпионына жол берді
Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Финляндияның Тампере және Латвияның Рига қалаларында өтіп жатқан әлем чемпионатында топтық кезеңнің төртінші тур ойынын өткізіп, тағы да жеңілістің кермек дәмін татуға мәжбүр болды. Бұл жолы жерлестеріміз тоғыз дүркін Олимпия ойындарының чемпионы, 27 мәрте әлем чемпионатында оза шапқан даңқты Канада құрамасымен күш сынасып, 5:1 есебімен жол берді.
Спорт • 18 Мамыр, 2023
Италия тасжолдарында өтіп жатқан велоспорттан «Джиро д’Италия» көпкүндігінің кезекті жарыс күні өз мәресіне жетті.
Теннис • 18 Мамыр, 2023
Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы «Internazionali BNL d’Italia» турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізіп, өз карьерасында алғаш рет Италиядағы жарыстың жартылай финалына шықты.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2023
Сән әлемінде ойып алар орны бар «Асыл дизайн» сән үйінің отыз жылдығына орай Таразда дәстүрлі «Aspara Fashion Week» апталығының он бірінші маусымы ұйымдастырылды. Халықаралық іс-шараға жоба жетекшісі Айдархан Қалиев, «Ирина Набоко» сән үйінің бас дизайнері Ирина Набоко, басқа да мәртебелі меймандар қатысты.
Әлем • 18 Мамыр, 2023
Димаш Құдайбергеннің польшалық жанкүйерлері үш жылға жуық уақыт бойы әншінің шығармашылығы мен қазақ мәдениетіне арналған онлайн радиостансаны жүргізіп келеді. Ал былтырдан бастап «Димаш» радиосы қазақ тілі курсын жүргізуді қолға алды. Радионың хабар тарату желісі тек Польша ғана емес, бүкіл Еуропалық одақ елдерін қамтиды.