Аймақтар • 18 Мамыр, 2023

Сән апталығының салтанаты

451 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сән әлемінде ойып алар орны бар «Асыл дизайн» сән үйінің отыз жылдығына орай Таразда дәстүрлі «Aspara Fashion Week» апталығының он бірінші маусымы ұйымдастырылды. Халықаралық іс-шараға жоба жетекшісі Айдархан Қалиев, «Ирина Набоко» сән үйінің бас дизайнері Ирина Набоко, басқа да мәртебелі меймандар қатысты.

Сән апталығының салтанаты

Суретті түсірген Юрий Ким

Сән апталығына Ас­та­на, Атырау, Ақтау, Ақтө­бе, Орал қалаларынан, Қы­тай, Та­тарстан, Қырғызстан, Өзбекстан секілді көршілес елдерден келген дизайнерлер жиналғандардың назарына өз топтамаларын ұсынды. Олардың ішінде балаларға арналған киім топтамалары да болды.

Іс-шараның соңғы күні «Асыл-Дизайн» сән үйінің «Нео-фольклор» э­т­нос­тық стиліндегі заманауи «aspara» ұлттық бренд топ­­тамаларына арнал­ды. Отыз жыл бойына за­ма­науи үр­дістермен үй­ле­сетін қа­зақ­тың ұлттық киі­мін насихаттап келген «Асыл-Дизайн» сән үйінің ав­тор­лық топтамалары жұрт­шы­лық тарапынан үлкен қы­зығушылық тудырды. Бұған дейін «Aspara» брендінің маусымдық топтамалары Еу­ропа мен Азия­дағы ірі по­диумдарда көр­сетіліп, сән­қойларды тән­ті еткен еді.

«Нақтырақ айтар болсақ, Aspara Fashion Week» жобасының өзіне тән бағыты бар. Нео-фольклорлық стиль­­дегі киімдерді дизайнер ре­тінде 10-15 жыл бұрын жа­са­дым. Бүгінде бұл стильді Қазақ­стан ғана емес, бүкіл әлем елдері біледі.

«Нео-фольклор» – ұлт­тық киім мен сән үлгісінің заманауи үлгімен ұштасқан, сәтті толықтырылған жа­ңа бағыт. Халықаралық жоба­мыздың 10 маусымына 600-ден астам дизайнер қатысқан. Осы уа­қыт аралығында ұлттық киі­мімізді насихаттап қана қоймай, Жамбыл облысын да әлемге танытуды мақ­сат еттік. Бұл жұмыс он бі­рінші маусымда да сә­ті­мен жалғасты», дейді жоба же­текшісі А.Қалиев.

Сән апталығының соң­ғы күнінде бірнеше бағыт бо­йын­ша байқау ұйымдас­тырылып, жеңімпаздар анық­талды.

 

Жамбыл облысы