Кино • 22 Мамыр, 2022
Зұлмат жылдар жаңғырығы – «Ақ боз үй»
Ел астанасында жазушы Смағұл Елубайдың романы желісімен түсірілген Бегарыс Елубайдың «Ақ боз үй» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаған фильм идеясы зұлмат жылдарда қазақ ауылы бастан өткерген қудалау мен ашаршылыққа құрылған. Тұсаукесер көрсетілімге Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, АQ Group компаниялар тобы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов және басқа да ресми өкілдер мен зиялы қауым қатысты. Айта кетейік, кинокартина Ұлттық киноны қолдау қорының қаржыландыруымен түсірілді.
Спорт • 22 Мамыр, 2022
Францияның астанасы Парижде «Ролан Гаррос» турнирі басталды. Жүлде қоры 43,6 млн еуроны құрайтын «Үлкен дулыға» санатындағы жарыста биыл да атағы алысқа жайылған теннисшілердің басым бөлігі өнер көрсетуде. Солардың қатарында Қазақстанның да өкілдері бар. Әйгілі ойыншылар арасынан тек франциялық Гаэль Монфис пен ресейлік Анастасия Павлюченкова ғана түрлі себептерге байланысты Парижге келуден бас тартты.
Теннис • 22 Мамыр, 2022
Қазақстандық теннисшілер халықаралық жарыстарда жеңіске жетті
Қазақстандық жас теннисшілер бірнеше халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 22 Мамыр, 2022
Әлжан Қарабайұлы 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісінің мыңбасы және бас сардар Амангелді Имановтың сенімді серігі болған. Қазір құнды жәдігер Қостанай облысы Амангелді аудандық мемориалдық музейінде сақталған. Оны мұражайға қарт қаламгер Бөгетбай Әлмағамбетұлы тапсырған.
Қазақстан • 22 Мамыр, 2022
Еліміздегі әскери оқу орындарында даярлық бағдарламалары қайта қаралады
Бұл туралы Қорғаныс министрлігі алқа мәжілісінің қорындысына орай өткен оnline-брифингіде ведомствоның Стратегиялық даму департаменті бастығының орынбасары Алпамыс Өтепов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.