Францияның астанасы Парижде «Ролан Гаррос» турнирі басталды. Жүлде қоры 43,6 млн еуроны құрайтын «Үлкен дулыға» санатындағы жарыста биыл да атағы алысқа жайылған теннисшілердің басым бөлігі өнер көрсетуде. Солардың қатарында Қазақстанның да өкілдері бар. Әйгілі ойыншылар арасынан тек франциялық Гаэль Монфис пен ресейлік Анастасия Павлюченкова ғана түрлі себептерге байланысты Парижге келуден бас тартты.

131 жылдық тарихы бар «Ролан Гарроста» табысты өнер көрсету қай теннисшіге болсын үлкен абырой және зор мәртебе. Бұл ретте рекордтық көрсеткіш Рафаэль Надальға тиесілі екенін айта кеткен абзал. «Грунт королі» атанған 35 жастағы Испанияның саңлағы 2005-2020 жылдар аралығында 13 мәрте теңдессіз деп танылды. ХХ ғасырдың басында даңқы дүркіреген Францияның мақтанышы Макс Декюжи сегіз дүркін жеңімпаз атанды. Швецияның беткеұстары Бьорн Борг алты жарыста алдына жан салмады. Оның жұлдызы өткен ғасырдың жетпісінші және сексенінші жылдарының басында жарқырай жанды. Тағы бір француз теннисшісі Анри Коше 1922-1932 жылдар аралығында бес турнирде топ жарды.
Әйелдер арасында Крис Эвертке тең келер ешкім жоқ. АҚШ-тың Флорида штатының тумасы бас жүлденің жетеуін олжалады. Ол 1974-1986 жылдары ешкімді бет қаратпады. Франциялық Сюзан Ленглен мен германиялық Штеффи Граф алты додада дара шықты. Аустралиялық Маргарет Корттың бес мәрте мерейі үстем болды.
Былтырғы жарыстың бас жүлдесі сербиялық Новак Джокович пен чехиялық Барбора Крейчиковаға бұйырды. Финалда Джокович Грекияның өкілі Стефанос Циципасты ұтса, Крейчикова ресейлік Анастасия Павлюченкованы жеңді. Ерлердің жұптық сайысында Александр Бублик пен Андрей Голубев керемет өнер көрсетті. Қарсы келгендерді қоғадай жапырған олар ақтық сынға дейін алқынбай жетті. Алайда финалда жерлестеріміздің жолы болмады. Қазақстандық жұп Францияның мықтылары Николя Маю мен Пьер Юг-Эбергке 6:4, 6:7, 4:6 есебімен есе жіберді. Әйелдер сайысы чехиялық Барбора Крейчикова мен Катерина Синякованың айқын жеңісімен аяқталды. Аралас жұптар бәсекесінде америкалық Дезайр Кравчик пен ұлыбританиялық Джо Солсберидің бағы жанды.
Былтыр Александр Бублик пен Андрей Голубевтің «Ролан Гарростың» финалына дейін жеткенін жоғарыда айттық. 2015 жылы аустралиялық Кейси Деллакквамен жұп құрған Ярослава Шведова да дәл осы межеден көрінген еді. Финалда олар америкалық Бетани Маттек-Сандс пен чехиялық Луция Шафаржоваға 6:3, 4:6, 2:6 есебімен жол берді. Міне, қазақстандық теннисшілердің Франциядағы турнирде ең табысты өнер көрсеткен кездері осы.
«Ролан Гарростың» жекелеген сайысында күні бүгінге бірде-бір жерлестеріміз ширек финалдан аса алған жоқ. Ярослава Шведова 2010 мен 2012 жылдары және Юлия Путинцева 2016 мен 2018 жылдары таңдаулы сегіз ойыншының қатарына қосылды. Былтыр Елена Рыбакина да дәл сол межеге жетті. Аталған додада франциялық Эльза Жакемо, жапониялық Намбо Хибино, ресейлік Елена Веснина және даңқы жер жарған АҚШ-тың ойыншысы Серена Уильямсті сан соқтырған жерлесіміз жартылай финалдың жолдамасы сарапқа салынған бәсекеде Ресейдің беткеұстары Анастасия Павлюченковадан 7:6, 2:6, 6:7 есебімен жеңілді.
Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Александр Бублик биылғы жарысқа қатысу мүмкіндігіне бірден ие болды. Себебі олардың барлығы да дүниежүзілік рейтингте «ТОП-40» ойыншының қатарына еркін еніп отыр. Алғашқы айналымда Рыбакина нидерландтық Аранча Руспен шеберлік байқасады. Тұсаукесер кездесуін Путинцева румыниялық Ирина Бараға қарсы өткізеді. Ал Бублик франциялық Артур Риндеркнешпен күш сынасады.
Тағы бірнеше отандасымыз іріктеу турниріне қатысты. Өкінішке қарай, тұсаукесер кездесулерінде Зарина Диас ресейлік Анастасия Гасановадан, Дмитрий Попко аргентиналық Хуан-Игнасио Лондеродан ұтылды. Оларға қарағанда Тимофей Скатов тәуір ойнады. 21 жастағы Тимофей алғашқы айналымда америкалық Митчелл Крюгерді 6:1, 6:0 есебімен ойсырата ұтты. Екінші кезеңде ол Аргентинаның жас дарыны Сантьяго Фа Родригес Таверномен күш сынасты. Бұл ойын 7:5, 6:1 есебімен Оңтүстік Америкадан келген ойыншының пайдасына шешілді. Сөйтіп, «Ролан Гарростың» негізгі бөлігінде Қазақстанның үш теннисшісі ғана өнер көрсетеді.
Үндістанда көшкіннен қаза тапқандар саны 42-ге жетті
Әлем • Бүгін, 17:10
Семейде көпқабатты үйден өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Алматыда 3 жаңа метро станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:35
Қор нарығында доллар бағасы арзандады
Қаржы • Бүгін, 16:27
CОVID-19: Алматы қаласы қайта «сары» аймаққа өтті
Коронавирус • Бүгін, 16:20
Мемлекет басшысы Еуропа одағының президентін Қазақстанға шақырды
Президент • Бүгін, 16:14
Қырғызстанда қазақтар қауымдастығының экс-басшысы сотталды
Қоғам • Бүгін, 16:06
Атырауда дизель отынын заңсыз сатқандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:55
Жыл басынан бері жол апатынан мыңға жуық адам қаза тапты
Қоғам • Бүгін, 15:44
Қазақстанда Қызыл кітаптың онлайн нұсқасы пайда болады
Қазақстан • Бүгін, 15:34
Әскери гарнизондардан 825 млн теңгенің мүлкі ұрланған
Қазақстан • Бүгін, 15:21
Үндістанда автобус шатқалға құлап, 16 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:16
Алматыда үшінші вокзал салынады
Аймақтар • Бүгін, 14:59
Ресей шекарадағы барлық шектеулерді алып тастайды
Әлем • Бүгін, 14:48
Президент «ҚазМұнайГаз» ҰК басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:34
Әлихан Смайылов ресейлік ірі компания басшыларымен кездесті
Үкімет • Бүгін, 14:27
Есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:18
Экономика • Бүгін, 14:08
Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу керек – Ералы Тоғжанов
Қазақстан • Бүгін, 13:55
Алматыда сауда орталығына тағы «бомба қойылды»
Оқиға • Бүгін, 13:40
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 13:33
AsiaCredit Bank-тің мүлкін ұрлауға қатысты іс тергеліп жатыр
Қоғам • Бүгін, 13:02
Талдықорғанда қоқыс жәшігінен нәресте табылды
Оқиға • Бүгін, 12:53
Велошерушілер елордаға бет алды
Спорт • Бүгін, 12:43
Ішкі істер органдарында бірқатар тағайындау болды
Қоғам • Бүгін, 12:35
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:28
Қазақстанда қылмыс тыйылмай тұр
Қоғам • Бүгін, 12:19
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 12:08
Оқушыларды бұрын сотталған адамдар тасымалдаған – Бас прокуратура
Оқиға • Бүгін, 11:57
Қазақстанда таратылатын 9 банктің салымшылары ақшасын алды
Экономика • Бүгін, 11:49
Құрбан айт: Қазақстанда арнайы сайт іске қосылды
Руханият • Бүгін, 11:37
ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясында Арал теңізінің проблемалары талқыланды
Парламент • Бүгін, 11:28
Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар көбейді
Коронавирус • Бүгін, 11:13
Биыл 30 мың шақырым жолға арнайы белгілер орнатылады
Қазақстан • Бүгін, 10:53
Мәдениет саласындағы Елбасы стипендиясының атауын өзгерту ұсынылды
Білім • Бүгін, 10:38
Биыл 7,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Қоғам • Бүгін, 10:19
Елордада тыйым салынған аймақта суға түскен оқушы көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 10:08
Ақтауда 109 жедел желісі іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 09:51
Бүгін еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Ұқсас жаңалықтар