Мектеп • Кеше

Мектептердің жаңа көшбасшы-басқарушылары дайындалып жатыр

24 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа форматтағы көшбасшыларды іріктеу мен кәсіби даярлау жөніндегі «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Биыл бағдарламаға қатысуға ниет білдірушілер саны 2,5 есеге көбейген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мектептердің жаңа көшбасшы-басқарушылары дайындалып жатыр

Фото: Oqu-agartu ministrligi

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бағдарламаға іріктеу бес кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде үміткерлер кәсіби және басқарушылық құзыреттерді бағалау үшін тестілеуден өтеді, екінші кезеңде – оқуға жіберіледі, үшінші кезеңде – елдің жетекші мектептерінде тағылымдамадан өтеді, төртінші кезеңде – қорытынды бағалауға қатысады, ал бесінші кезеңде – министрлік комиссиясымен әңгімелесуден өтеді. Барлық кезеңдердің нәтижелері бойынша білім беру ұйымдары басшыларының Республикалық кадрлық резерві қалыптастырылады.
 
Биыл алғашқы кезеңде 13 796 үміткер тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп. Барлық бес кезеңнің қорытындысы бойынша республикалық кадр резервіне балабақшалар, мектептер мен колледждердің басшылары лауазымдарына 375 кандидат ұсынылды.

«Оқудан, тағылымдамадан және әңгімелесуден өткен үміткерлерге сертификат беріледі. Соның негізінде одан әрі жұмысқа орналасу үшін олар кадр резервіне алынады. Резервтегілер бірінші басшының бос лауазымына конкурстық рәсімдерден өтпей тағайындалады. Барлық кезеңдерден сәтті өтіп, сертификат алғандарға «басшы-көшбасшы» біліктілік санаты беріледі», деп атап өтті Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.
Естеріңізге салайық, былтыр Республикалық кадр резервіне 208 кандидат алынды, олардың 170-і мектеп директоры лауазымына тағайындалды.