Қазақстан • 17 Мамыр, 2019
Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі еліміздің заңнамаларына 16 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарымен бірге шетелге шығу кезінде фотосуреттерін олардың төлқұжаттарына жапсыру талабын алып тастау бойынша түзетулер енгізуде.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2019
Алматыда жас дизайнерлердің халықаралық байқауы өтті
16 мамырда Алматы технологиялық университетінде ҮІІ «JAS-ӨRKEN - 2019» жас дизайнерлер мен модельерлердің халықаралық байқауы өтті. Аталмыш шара 2002 жылдан бері өткізіліп келеді. Байқаудың басты мақсаты - студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту, жас дизайнерлердің кәсіби ортасын қалыптастыру және әлемдік сән индустриясында халықаралық ынтымақтастық аймағын құру.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2019
Cyber & Digital Security-2019 атты конференция өтті
Астана экономикалық форумы аясында өткен ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне арналған конференцияға АКТ саласының, АТ-компанияларының, мемлекеттік орган және бизнес-орта өкілдері қатысты. Кәсіби қауымдастық ғаламдық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ағымдағы тапсырмалар мен мәселелерді бірлесе шешу жолдарын талқылады. Бұл туралы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2019
Әлеуметтік желіде кең таралған видеода Атырау облыстық Полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсембаевтың бір топ адамның алдында күрең төбел атқа секіріп мінген сәті жұртшылық арасында қызу талқыланып жатыр. Бұл мәселе Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жетіп, Президент Твиттердегі парақшасында аталған жайтқа қатысты Ішкі істер министрлігінің басшысына арнайы тапсырма бергендігін хабарлады.
Сайлау • 17 Мамыр, 2019
Мексикада Қазақстандағы сайлау туралы ақпарат ұсынылды
Қазақстанның Мексикадағы Елшісі Андриан Елемесов жергілікті БАҚ өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен саясаттанушылар үшін Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлауға арналған баспасөз конференциясын өткізді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.