Қазақстан • 17 Мамыр, 2019
Адам құқықтары бойынша есеп тыңдалды
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтің елдегі адам құқықтарының ахуалы туралы жыл сайынғы есебінің тұсаукесері өтті. Іс-шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, академиялық ортаның және Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.
Қоғам • 17 Мамыр, 2019
Қоғамды жемқорлық дертінен емдеудің игі жолы
Қазір облыстағы 504 мектепте «Адалдық дүкені» жұмыс істеп тұр. Оқушылар үзіліс кезінде сөредегі су, шай, печенье секілді тамақтарды сатушысыз өздері алып, ақшасын қойып кетеді. Мұндай дүкендер жоғары оқу орындары мен колледждерде де орналасқан. Жақында облыстық әкімдік ғимаратында да осындай бір дүкен ашылды. Біраз мекемелерде «Адалдық кітапханасы» қойылған. Әсіресе «Адалдық дүкенінен» керегін алып, ақшасын төлемей кетсе де, оны ешкім ұстап алып, жазалайын деп жатқан жоқ. Оған әркімнің ары күзетші болуы тиіс.
Руханият • 17 Мамыр, 2019
Теректіде «Туған жер – тұнған тарих» атты конференция өтті
Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданының орталығында «Туған жер – тұнған тарих» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиында тарихшы ғалымдар мен өлкетанушылар Теректі өлкесінің арғы-бергі тарихына тоқталып, нақты ұсыныстарын ортаға салды.
Руханият • 17 Мамыр, 2019
Біздің буын өкілдерінің жастық шағы тамаша бір кезеңге тап келді. Біз таза ауамен тыныстадық, экологиялық тұрғыда таза тамақ іштік, білім мен медицина тегін болды, нағыз ақындар мен жазушылардың шығармаларын оқып, нағыз әншілердің әндерін тыңдадық. Және ол кезде әншілер әнді қазіргідей фонограммамен емес, жанды дауыспен мейлінше табиғи түрде орындайтын.
Руханият • 17 Мамыр, 2019
Ақжайықта оқушылардың аймақтық айтысы өтті
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында ақын Жұбан Молдағалиевтың келер жылғы 100 жылдығына, «Мен қазақпын» поэмасының жазылғанына 55 жыл толуы құрметіне орай мектеп оқушылары арасында аймақтық айтыс өтті.