Жануарлар • 17 Мамыр, 2023
Тұмса табиғатты көздің қарашығындай сақтап, қорғау – жер басып жүрген әр адамның перзенттік борышы, азаматтық міндеті. Күтімсіз қалса, Табиғат-ананың да қадірі кетіп, құты қашады. Жапырағы жүдеп, гүлі солады. Ал оның баурайын мекен еткен аң-құстардың көзі құрыса, байтақ өлкенің жетімсіреп қалары сөзсіз.
Бокс • 17 Мамыр, 2023
Әлем чемпионаты: Боксшылардың жеңісі мен жеңілісі
Әуесқойлар арасында әлемдік бокс державасы саналатын Қазақстан боксшылары күні кеше Ташкентте өткен әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрініп, төрткүл дүниенің алдында өз мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Жерлестеріміз Ташкент төрінде 4 алтын, 1 күміс медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте тек жарыс қожайындарынан ғана қалып қойды. Бұл ретте жыл басында ғана ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне қайта тағайындалған Мырзағали Айтжановтың еңбегін айрықша атап өтуге болады. Білікті маман қысқа ғана мерзім аралығында бәсекеге қабілетті команда жасақтап, 2013 жылғы жетістігін қайталады. 10 жыл бұрынғы Алматыдағы боксшылардың аламанында да жерлестеріміз Айтжановтың жетекшілігімен 4 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алып, бокс жанкүйерлерін шаттыққа бөлеген еді. Дегенмен боксшыларымыздың Ташкенттегі жеңісіне қуануға әлі ерте. Алдымызда Азия ойындары мен Олимпиада дейтін абыройлы жарыстар күтіп тұр. Токиодағы тоқыраудан кейін Париждегі нәтижеміз қалай болары белгісіз. Осы орайда Өзбекстандағы әлем чемпионатынан кейін еліміздегі аузы дуалы бокс мамандарының басын қосып, Ташкенттегі турнирді қорытындылап, құнды пікірлерін сұрап, білген едік.
Тарих • 17 Мамыр, 2023
Амандық ауылында Тезекбай ақынның көшесі бар екен. «Неге оған көше атауы берілген? Жалпы, Тезекбай деген кім, қай ғасырда ғұмыр кешкен?» – осындай сұрақтар туады. Әрине, өткенді білу, оның ішкі-сыртқы сыр-сипатына терең бойлау аса қажет дер едік.
Футбол • 17 Мамыр, 2023
УЕФА Чемпиондар лигасының финалына шыққан алғашқы команда белгілі болды. Италияның екі мықтысы – «Милан» мен «Интер» арасындағы тартысты өткен бәсекеде «Интердің» мерейі үстем болып, 13 жылдан кейін алғаш рет айтулы турнирдің финалына жолдама алды.
Теннис • 17 Мамыр, 2023
Теннистен әлемнің алтыншы ракетасы Елена Рыбакина кеше Италиядағы WTA 1000 турнирінің ширек финалында дүниежүзілік рейтингте бірінші орында тұрған Польшаның мықтысы Ига Швентекпен шеберлік байқасты.