Қазақстан • 15 Мамыр, 2018
Таяуда тараздық белгілі кардиохирург, медицина ғылымдарының докторы, академик Сейітхан Жошыбаев ұйымдастырып, басқарып отырған «Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығы» ұжымы өзінің 10 жылдығын үлкен жетістіктермен атап өтті.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2018
Қазақ тіл білімінің аға буын өкілдерінен бір керемет қасиетті көруге болады. Ол оқымыстыларымыздың сан қырлылығы, ғылыми-зерттеулердегі жан-жақтылығы дер едік. Міне, сондай ғылыми шығармашылығының ауқымы кең, әр алуан салаларға тармақталған, атап айтқанда, қазақ тілі білімінің тарихы, графика, орфография мәселелерін, сондай-ақ қазақ тілінің морфология және сөзжасам салаларын зерттеумен қатар, қазақ тілін оқыту әдістемесін де зерделеп, елеулі табыстарға қол жеткізген, бүгінде тоқсан жастың төріне шыққан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Педагогикалық ғылымдары академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұржамал Оралбайқызының еңбегін ерекше айтуға болады.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2018
Музей ісін үйлестіретін халықаралық жұмыс тобы құрылды
Халықаралық Түркі академиясында түркі халықтарының музей заттарын сақтау, қорғау және пайдалану бойынша жиын өтті. Шараға Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Моңғолия, Әзербайжан елдерінің музей басшылары, музей ісі бойынша ресми өкілдері және Қазақстандағы Венгрия елшілігінің, сондай-ақ ТҮРКСОЙ-дың өкілдері келді.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2018
«100 жаңа есім». Болашағы баянды бірегей жоба
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асып жатқан жобалардың қай-қайсысы да өзінің мазмұн ауқымдылығымен, идеологиялық маңыздылығымен құнды. Соның ішінде, әсіресе «100 жаңа есім» жобасының алар орны айрықша.
Ұлттық дүниетаным ілімінде халықтың гүлі қазақ қызының болмысына, әдеп-ілтипатына, сұлулық, ізеттілік қасиеттеріне қатысты «Қызда оттай ыстық мейір бар», «Қызда 40 періште бар», «Қызда 40 көліктік бақыт бар», «Қыздың қабағында құт бар», «Қыз назы 40 кісіні мас қылады», «Қыз 40 істің қисынын біледі», «Бұрынғының қыздары бармағының шұңқырындағы асқа тояды» дейтін сұлулықтың тұңғиық сырларын мәлімдейтін інжу-маржан ойлар, толғамдар, лала лебіздер бар.