Қазақстан • 15 Мамыр, 2018
Суармалы жер шаруаның ырысын арттырады
Оңтүстік өңірлерде географиялық орналасу ерекшеліктеріне қарай мелиорациялау мәселесі өзекті. Осыған байланысты Шымкентте Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеевтің төрағалығымен Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарының өкілдері қатысқан жиын өтті.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2018
Индустриялық аймақтар өндірісті өркендетіп тұр
Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында электр шамдарын шығаратын зауыт ашылмақ. Бұл іске кәсіпкер О. Ботбай ұйытқы болып отыр. Ол Қытай Халық Республикасынан «Jiangsu Yimei Mei Project Management Co, Ltd» кәсіпорнының басшысы Yuan Lin мен оның қызметкерлерін шақырып, аудан әкімі Б.Танагөзовпен арнайы кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында «Шаян» индустриялық аймағында электр шамдарын шығаратын зауыт ашу бойынша меморандумға қол қойылды.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2018
Шығынға батырған шегіртке шырғалаңы
Бұл жемір жәндік Жамбыл өңіріне биыл да қауіп төндіруі мүмкін. Өткен жылы Жамбыл өңіріндегі жайылымдық жерлердің біразын шегіртке басып, агроқұрылымдар шаруасына айтарлықтай шығын келтірген болатын. Бұл еліміз бойынша өзекті мәселеге айналып, шегіртке шырғалаңы біраз қиындық тудырған. Өңірде кездесетін саяқ шегірткеден бөлек, марокколық және азиялық зиянкестер де шаруалар еңбегін еш қылды.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2018
Екібастұзда вагон жасайтын зауыттың жұмысы жолға қойыла ма?
Екібастұздағы Қазақстан вагон жасау зауытының жұмысы 2010 жылы Елбасының қатысуымен тікелей эфир желісінде іске қосылған-ды. Өндірістік қуаты жылына 2000 ашық және 500 жабық жүк вагондарын шығаруға жетеді делінген болатын. Елімізді ғана емес, ТМД нарығын да қамтимыз деген міндет алған. Қазіргі жоспарына қарасақ, алдағы уақытта 10 мың жүк вагонын шығармақ. Бірақ кәсіпорын жұмысының бағыт-бағдары қалай болары белгісіз. Цехтары біресе тоқтап, біресе іске қосылады.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2018
XI Астана экономикалық форумының аккредитациялық орталығы ашылды
Кеше елордадағы «Hilton Astana» қонақүйінде XI Астана экономикалық форумының аккредитациялық орталығы салтанатты түрде ашылды. Рәсім бойынша Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов пен «GVA Kazakhstan» серіктесі Болат Столяров қызыл лентаны қиды.