Аймақтар • 14 Мамыр, 2018
Электронды өнеркәсіптің келешегі талқыланды
Электронды өнеркәсіп әлемде банк пен медицинадан кейінгі орынды иеленеді. Ол қай кезеңде де машина жасау өндірісінің өзегі саналып келді. Көптеген индустриалды мемлекеттерде маманданған салаға айналып, дәстүрлі машина жасау өндірісін нарықтан ығыстыра бастады.
Қазақстан • 14 Мамыр, 2018
Қатар холдингі Қазақстанға инвестиция құюға дайын
«Самрұқ-Қазына»ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «Аль-Фейсал Холдигі» директорлары кеңесінің төрағасы Фейсал бен Касим бен Фейсал әл-Тани шейхпен кездесті. Кездесу барысында екі ел басшыларының жеке кездесуі кезінде қол жеткізген келісімге сәйкес Қордың қоржындық компаниялары мен Катар компаниялары арасындағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.
Өнер • 14 Мамыр, 2018
Әуезов театрының Ақ Жайықтағы күндері өтті
М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының ұжымы Батыс Қазақстан облысында бір апталық гастролдік сапарда болды. Танымал өнер ұжымының өнерін Орал қаласы ғана емес, Сырым, Теректі және Зеленов аудандарында тұратын көрермендер де тамашалады.
Тәрбие • 14 Мамыр, 2018
Гаухар Алдамбергенова: «Бір қызды тәрбиелеу – бір ұлтты тәрбиелеумен бірдей»
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне келген сапарында «Бір қызды тәрбиелеу – бір ұлтты тәрбиелеумен бірдей» деп атап өтіп, оқу орны ұжымының алдына нақты міндеттер қойған болатын. Осы орайда тағылымды тәрбие мен өрісті білімнің іргелі ордасы атанған, көзіқарақты зиялы қауым «ізеттілік пен үлгі-өнеге отауы» деп ат қойып, айдар таққан Қыздар Университеті өз қызметінде қазақстандық патриотизмді, Елбасының «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын басты бағдар ретінде ұстайды.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2018
Оралда ата-аналар мектеп кітапханасына 486 кітап сыйлады
Орал қаласындағы орта мектептерде «Рухани жаңғыру – табысты ел болудың кепілі» атты ашық есік күндері өтіп жатыр. Осыған орай №47 орта мектепте «Туған мектепке тағзым», «Мектепке кітап сыйлайық» акциялары нәтижесінде мектеп ауласында жаңа аллея пайда болып, оқушылар кітапханасына 500-ге жуық кітап тарту етілді.