Футбол • 20 Мамыр, 2022
Ұлттар лигасы: Адиев кеңейтілген құрамды жариялады
Санаулы күндерден кейін футболдан УЕФА Ұлттар лигасының 2022/23 жылғы жаңа маусымы басталады. Биыл үшінші мәрте ұйымдастырылып жатқан доп додасының жалауы маусым айында желбірейді. Аталған турнирде Қазақстан ұлттық құрамасы «С» дивизионының 3-тобында Словакия, Әзербайжан және Беларусь құрамаларымен ойнайды.
Медицина • 20 Мамыр, 2022
Озық реанимациялық жабдықтарға қол жеткізеді
Жуырда еліміздің алты облысының перинаталдық орталықтары мен Алматы қаласындағы Республикалық акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы реанимацияда жаңа туған шараналардың өмірін сақтап қалуға арналған заманауи аппараттық гипотермия кешендерімен жабдықталады.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Петропавлда республикалық Абай-Мағжан оқуларының облыстық кезеңі аяқталды. Оған облыс мектептерінен 3-11 сынып оқушылары арасындағы 150-ден астам шәкірт қатысты. 11 номинация бойынша сайысқан балалардың жүзі бал-бұл жанып, жүлделі орындар алуға деген ынталары зор болды. Бұл номинациялардан басқа «Абай жаққан бір шырақ» атты бастауыш сынып оқушыларына арналған бір номинация да болды. Онда 1-4 сыныптың балдырғандары Абай өлеңдерін жатқа айтудан жарысты.
Әлем • 20 Мамыр, 2022
Украинаның Мариуполь қаласындағы «Азовсталь» зауытында бекініп жатқан сарбаздар қаруын тастап сыртқа шықты. Алайда мұны әр тарап түрлі жағдайда бағалап жатыр. Ресей жағы жауынгерлер тұтқынға берілді деп есептейді. Украина оқиғаны адамдардың өмірін сақтап қалу, эвакуация деп бағалады.
Референдум • 20 Мамыр, 2022
Таңдау жасау – тамаша мүмкіндік
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне қатысты бейнеүндеуі көптің көкейіндегісін дәл тапқан маңызды мәлімдеме болды.