Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне қатысты бейнеүндеуі көптің көкейіндегісін дәл тапқан маңызды мәлімдеме болды.
«Біз бәріміз бір ел болып Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құрамыз. Әрбір азаматтың құқығы қорғалатын мемлекет боламыз. Бәріне бірдей мүмкіндік береміз. Біз мемлекеттік жүйені жетілдіріп, қоғам мен биліктің тиімді диалогын орнатамыз. Осылайша, Екінші Республиканы қалыптастырамыз. Конституциялық реформа мұның бәрін табысты жүзеге асыру үшін қажет» деген Президент Ата Заң баптарының үштен бірі өзгеретінін жеткізді. Бұл дегеніміз ел тарихындағы аса маңызды қадам болмақ.
Мемлекет басшысы айтқан реформаның ерекшелігі – Президенттің өкілеттігін күшейту емес, ықпалды Парламент құру арқылы қара халыққа есеп беретін Үкімет қалыптастыру. Осыдан 27 жыл бұрын елімізде «Республикалық референдум туралы» конституциялық заң қабылданғаны баршаға мәлім. Содан бері Ата Заңымызға 4 рет өзгеріс енгізілді. Оның барлығы Парламент тарапынан қабылданды. Ал бүкілхалықтық референдум алғаш рет өткізілгелі отыр.
Осыдан бес жыл бұрын «Дәстүр: кеше, бүгін, ертең» деген атпен республикалық ауқымды жоба ұйымдастырған едім. Жобамен аттас этнографиялық сұхбаттарға құрылған төрт томдық кітап жарық көрді. Екі ғасырдың куәсі болған біраз ақсақалымызбен сұхбат кітапқа арқау болды. Солардың бірі – Ата Заңымызды жазуға өз үлесін қосқан, заң ғылымдарының докторы, академик Сұлтан Сартаев еді. «Конституция – бұл мемлекетіміздің негізгі заңы. Қазақ атасын сыйлаған. Сондықтан да негізгі заңымызды «Ата Заң» деп атадық», дей келе атақты академик: «Қазан төңкерісінен бүгінгі күнге дейін бес Конституция қабылданды. Оның ішінде үш Конституция – 1924 жылғы Қазақ Автономиялы Кеңестік Республикасының, 1937 және 1978 жылдарда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының конституциялары тоталитарлық одақ жүйесі кезінде қабылданған еді. Оларда тәуелсіздік ұғымы ауызға алынбағандығы белгілі. Тәуелсіздік жылдарында өз еркімізбен, өз қалауымызбен бірнеше талқылаудан, пікір алмасудан соң 1993 және 1995 жылдардан халықаралық аренада өз жолымен өркендеуге бағыт ұстанған мемлекетіміздің Конституциясын қабылдадық», деді сұхбатында. Иә, бұл біздің тарихымыз.
Президент биыл 5 маусымда өткізуді белгілеген халықтық референдум дер кезінде өткізілгелі жатыр. Алда болатын өзгерістер тарихымыздағы ең маңызды және жауапты кезең болары анық. Сөз жүзінде айтылып қана қоймай, керісінше халық игілігін көретін, ширек ғасырдан астам уақытта қол жеткізген құндылықтарымызды қастерлеу мақсатында жаңа белеске қадам басамыз. Ел тағдырын шешуге тікелей қатысы бар алдағы референдумға елін, жерін, тарихын, береке-бірлігін қастерлейтін, елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты қалайтын ізгі ниетті әрбір азаматтың, бүкіл халықтың қатысуы аса қажетті және маңызды.
Жаңа Қазақстанның болашағы үшін әрқайсысымыз референдумға қатысып, өз таңдауымызды білдіруіміз керек. Себебі бұл – біздің азаматтық борышымыз!
Қасымхан БЕГМАНОВ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар