Жастар • 20 Мамыр, 2024
Елімізде «Aqyl Battle CUP – 2024» дәстүрлі республикалық зияткерлік сайысына тіркеу басталды. Білім мен бірлік арқылы мемлекеттік тілді насихаттауға арналған сайыстың алғашқы кезеңі 21-23 мамыр аралығында өтеді. Игі істі Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйытқы болуымен, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының «Тіл тағдыры – ел тағдыры» жобасы аясында «Болашақ Қазақстанға» қоғамдық студенттік бірлестігі ұйымдастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 20 Мамыр, 2024
«Дабыл қағылады»: Төтенше жағдайлар департаменті халыққа үндеу жолдады
21 мамырда сағат 10:00-де Алматыда жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 20 Мамыр, 2024
Қазақстанда алғаш рет «Мектеп барысы» өтті
Елімізде тұңғыш рет оқушылар арасында ұйымдастырылған «Мектеп барысы» жобасы мәресіне жетті. Талдықорғанда өткен тартысқа толы додаға қаланың 27 мектебінен іріктеліп шыққан үздік балуандар «Мектеп барысы» атағы үшін белдесіп, өзара мықтыны анықтады. Қала әкімі Ернат Бәзіл осындай тың жобаларды қолдайтынын айтып өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2024
«Соңғы қоңырау» күні мектептерді полиция бақылайды - ІІМ
Биылғы оқу жылының аяқталуына 5 күн қалды. 25 мамыр күні мектеп түлектері бұл күнді өз бетінше мерекелеу кезінде түрлі төтенше жағдайға тап болып жатады. Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін Ішкі істер министрлігі әр мектепке жауапты полиция қызметкері бекітілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2024
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілді
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін, 20 мамырда Алматы уақытымен 10:10-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.