Қазақстан • 14 Мамыр, 2018
Ағаш өнеркәсібі өрге баспай тұр
Әлемде ағаш өнімдеріне сұраныс жоғары. Елімізде де дәл солай. Бірақ біз сол сұранысты қаншалықты өтей алып отырмыз? «Жиенқұлға келгенде шықпайды үнім» демекші, бұл сұрақ алдымызды кес-кестегенде үніміздің құмығып шығатыны рас. Оның да өзіндік себептері бар.
Қазақстан • 14 Мамыр, 2018
Жаһандық мәселелер елорда төрінде талқыланады
Жаһандық мәселелерді талқылауға, шешімін іздеуге арналған жыл сайынғы сұхбат алаңы − Астана экономикалық форумы аясында әлемдік көшбасшылар мен ойшылдар, саясаткерлер, халықаралық ұйымдар мен ғылыми-зерттеу орталықтарының басшылары, іскерлік орта өкілдері бас қосады. Биыл жаһандық мәселелерді қамтитын 11 тақырып ортаға салынады. Оның ішінде экономикалық, әлеуметтік саладағы, диджитал технологияларда, өндіріс пен тұтынудағы жылдам және түбегейлі өзгерістер, сонымен қатар көз алдымызда болып жатқан технологиялық өзгерістер мәселесі де кеңінен сөз болмақ.
Қазақстан • 14 Мамыр, 2018
Астанада азық-түліктен тапшылық болмайды
Астана елорда болғалы халқының саны 5 есе көбейіп, 1 миллионнан асты. Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сүйенсек, күн сайын елорданың халқы 635 мың тонна әлеуметтік маңызды азық-түлік түрлерін тұтынады. Оның 22 пайызы қалада өндірілсе, 35 пайызы шаһармен іргелес жатқан азық-түлік белдеуінің үлесінде. Қалған 43 пайызы осы белдеуден тыс өңірлерден жеткізіледі. Қарап отырсақ, 1 миллионнан астам адамды азық-түлікпен қамту оп-оңай жұмыс емес екен.
Сіз бен біз немесе сөздің құны
Ендігінің жазушылық өнер соқпағы аға ұрпақ көріп-білген тағлымнан өзгешелеу. Тұңғыш кітабын шығарған бойда тұсаукесер шарасын өткізіп, үлкен іс тындырғандай сенім ұялаған жүздерді ыңғай ұшырататының бар. Рухани тәжірибесі толысқан жасы үлкендердің алған әсері мен қорытқан ой-пікірлері тап мұндай шараларға ауадай қажет.
Тәуелсіздіктің кепілі – ұтымды саясат
Ағайынның араздығы туысқандар арасындағы қарым-қатынас барысында кәдімгідей проблема туғызатын болса, ал елдер арасындағы алауыздықтың белгілі бір деңгейде адамзаттың бейбіт өмір сүруіне зардабын тигізетіні мәлім. Жақында қос Корея басшыларының кездесуіне әлем жұртшылығы айрықша көз тігіп, ядролық сынақтан бас тарту туралы КХДР басшысының пікірін жаһандағы жағымды жаңалықтың біріне балағаны да сол себепті. Өйткені бейбітшіліктің құны қашан да асқақ.