Пікір • 16 Мамыр, 2023
Тәуелсіздік алып, ғасырлар тоғысында елдігіміз айқындалған кезеңдегі еркін күрестен өткен байрақты бәсекелерде Қазақ елі намысын жалғыз ғана қандасымыз қорғады. Ол – Мәулен Мамыров. Бұл есім жанкүйерлерге жақсы таныс. Алаштың алтын асықтай ұлы Олимпия ойындары мен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, құрлық чемпионы және сол секілді толып жатқан тағы басқа атақтары бар. Сол Мәулен бір сұхбатында «Мен кей кездері өзімді Ресей құрамасы сапында жүргендей сезінемін» деп ашына айтқан еді.
Отбасы • 16 Мамыр, 2023
Жезқазған қаласының Неке сарайында шаңырақ көтерген жас жұбайлардың некелесу рәсімі салтанатты жағдайда өтті. Жастарды Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ғ.Құсманғали арнайы келіп құттықтады.
Отбасы • 16 Мамыр, 2023
Халықаралық отбасы күніне және Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай «Махаббат эстафетасы» атты жас отбасылар байқауы өтті. Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен сайысқа өңірдегі 17 аудан, қалаларынан іріктелген үздік жас отбасылар қатысты.
Мектеп • 16 Мамыр, 2023
Мемлекет басшысының бастамасымен іске қосылған «Жайлы мектеп» жобасы, үш ауысымды мектептер, апаттық жағдайда тұрған білім ошақтары мәселесі еліміздің барлық өңірінде мектеп құрылысына қарқынды серпін беріп жатыр. Осы орайда Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордада жаңадан салынып жатқан мектептер туралы мәлімет берді.
Спорт • 16 Мамыр, 2023
Толағайларымыз – төртінші орында
Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ұйымдастырылған ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Биылғы құрлық біріншілігінде ел намысын 20 спортшы қорғап, бір алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды.