Қазақстан • 22 Мамыр, 2020
«Қалбатау-Майқапшағай» автомобиль жолы биыл ашылады
Шығыс Қазақстан облысында ұзындығы 415 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар «Қалбатау – Майқапшағай» жолын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жаңа жол сапарға жұмсалатын уақытты екі есеге қысқартуға, сондай-ақ оның өткізу қабілеті мен өңірдің транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Коронавирус • 22 Мамыр, 2020
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 31 адам тіркелді
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 21 мамыр күні қала аумағында 31 тұрғынынан COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазақстан • 22 Мамыр, 2020
Үкімет Ақпарат саласын дамытудың ұлттық жоспарын бекітті
Үкімет Ақпарат саласын дамытудың 2020 – 2022 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекітті. Оған сәйкес мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары оңтайландыру шараларымен қамтылады. Бұл тұрғыда «Егемен Қазақстан» АҚ, «Казахстанская правда» АҚ, «Хабар» АҚ, «Қазақстан» РТРК» АҚ , «Қазмедиаорталығы» ЖШС, «Қазтелерадио» АҚ ескерілген.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2020
Түркістан облысында 14 өрт оқиғасы тіркелген
Түркістан облысы аумағында биылғы 5 айда жергілікті орман шаруашылығы жерлерінде 14 өрт оқиғасы тіркелді. Келтірілген материалдық шығынның жалпы соммасы - 802,2 мың теңге шамасында. Орман өртінің көлемі - 2347,8 гектар, оның 287 гектары орманды алқап.
Қазақстан • 22 Мамыр, 2020
Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» жастар сыйлығы жарияланды
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі танымал журналист Бейсен Құранбек атындағы жастар арасындағы «Жігер» сыйлығын жариялады. Бұл туралы министрлік Telegram арнасында хабарлады.