Үкімет • 16 Мамыр, 2023
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын кешенді жаңғырту мәселелері талқыланды.
Инвестиция • 16 Мамыр, 2023
Инвестиция тартудан Орталық Азияда көшбасшымыз
Әлемнің 40-тан астам елінен келген ірі инвесторлар инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция тарту мәселесін, бұл бағыттағы Орталық Азия мен Қазақстанның мүмкіндіктерін Азия және Тынық мұхит аймақтық даму институттарының қауымдастығы (ADFIAP) мүшелерінің 46-кездесуінде талқыға салды. Өңірдегі ауқымды жобалардың атқарушысы – Еуразия Даму Банкі (ЕАДБ) қабылдаушы ұйым ретінде жұмыс істеді. Халықаралық конференция Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысөзімен ашылды.
Үкімет • 16 Мамыр, 2023
Мемлекеттік қызмет: жаңа кезеңдегі маңызды міндет
Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімге негізделген мемлекеттік басқарудың «адамға бағдарланған» моделін қалыптастыру үрдісі мемлекеттік міндеттерді қоғам күтетін талап-тілектерге сәйкес жүзеге асыруға қажет негізгі құндылықтар мен қағидаттарды қайта қарауды өзектендірді.
Өндіріс • 16 Мамыр, 2023
Түркістан облысында аяқкиім шығаратын шағын кәсіпорындар бар. Бірақ олар қажетті теріні басқа елдерден тасымалдауға мәжбүр.
Қоғам • 16 Мамыр, 2023
Жуырда Бейнеу ауданының Сарға ауылында ауыл тұрғындарын екіге бөліп, айрандай ұйыған халықтың берекетін қашырған даулы оқиға болды. Ауыл ақсақалдарының бірі, Бейнеу аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері С.Жаңбыров Сарға атауын негізсіз жоққа шығарып, «ауыл Сырға деп аталу керек» деген бастама көтерді. Облыстық газетте мақала жариялап, ойдан шығарылған «Сырға әулие» туралы дәлелдеуге тырысты.