Әскер • 15 Мамыр, 2023
Қатардағы жауынгерден генералға дейін
1991 жылғы тамыз дағдарысы жетпіс жыл үстемдік құрған кеңес одағының құлауына алып келді. Осы тұста еліміз де егемендік алып, 1992 жылдың 7 мамырында Қарулы күштеріміз құрылды. Содан бері 31 жыл өтті. Осы уақыт ішінде елдің қорғаныс қабілетін нығайту үшін қаншама қыруар шаруа атқарылды. Ол кезең де бүгінде тарих қойнауына енді.
Саясат • 15 Мамыр, 2023
Бақытты шаңырақ – берекелі ұлт тірегі
Астанада «Ұрпақтар сабақтастығы» атты республикалық ата-аналар форумы өтті. Іс-шараға ата-аналар комитеттері, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар мен сарапшылар қауымының өкілдері қатысты. Алқалы жиынның басты мақсаты – отбасы институтын нығайту және рухани-адамгершілікке негізделген отбасылық құндылықтарды дамыту мен насихаттауда ата-аналар қауымының белсенділігін арттыру.
Театр • 15 Мамыр, 2023
Елордалық көрермен үшін өткен демалыс күндерінің тартуы мол болды. Соның бірі де бірегейі – «Астана Опера» театры сахнасында тұсауы кесілген Иржи Килианның «Кішкентай өлім» балетінің премьерасы десек, артық айтқандығымыз емес. Заманауи хореографиядағы ең әсерлі балеттердің бірі саналатын айтулы өнер туындысы театрсүйер қауым арасында үлкен резонанс туғызды.
Мәдениет • 15 Мамыр, 2023
Қазір көрермен қауым Астанадағы Ұлттық музейдің аузы-мұрнынан шығып тұр. Мұнда атақты суретші, «Парасат» орденінің иегері Алпысбай Қазығұлдың «Көктемгі самғау» атты көрмесі өтіп жатыр. Мамырдың басында суретші артынып-тартынып Алматыдан Астанаға жеткізген 140 картинасына көз суарып жүргендер де аз емес. Біз де сол қатардан табылып, көркем туындыларды көзбен «жұтып» қайтпақ едік, алайда ұлт пен жұрттың болмысы мен тұрмысынан сыр шерткен бояулар бізді «жұтып қойған» сыңайлы.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2023
17-19 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары жоспарланып отыр. Бұл сапар «Орталық Азия – Қытай» форматында мемлекет басшылары деңгейіндегі Бірінші саммит аясында өтпек. Әдеттегідей, үлкен сапарлар аясында екі жаққа да маңызды келісімдерге қол қойылады. Соның ішінде негізгісі және біздің қоғамда ерекше назарға ілігіп отырғаны – Қытаймен екеуара визасыз кіріп-шығу туралы уағдаластық.