Әлем • 30 Мамыр, 2021
1974 жылы «Нью-Йорк Таймс» газетінде қысқаша ғана қазанама жарық көрген еді: «Айова штаты, Дес Моинес, Помпано бич әуежайында өзінің ақырғы ұшуын аяқтаған соң, Джон Г. Ливингстон қайтыс болды. Мағыналы өмірі мен жанкештілігі «Джонатан Ливингстон есімді шағала» атты бестселлердің жазылуына шабыт берген Ливингстон – еліміздің ең үздік ұшқыштарының бірі».
Футбол • 30 Мамыр, 2021
Күні кеше Чемпиондар лигасының финалы өтіп, ағылшынның екі клубы – «Манчестер Сити» мен «Челси» күш сынасты. Ақтық сында лондондық команданың шоқтығы биік шығып, «қос құлақты кубокты» басына көтерді. «Тұманды Альбионның» қос клубы әлемдегі ең абыройлы турнирдің финалына шығуы кездейсоқ емес. Өйткені Ұлыбритания – футболы ерекше дамыған мемлекет.
Тарих • 30 Мамыр, 2021
Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет болуы үшін жанын шейіт еткен азаматтарымыздың бірі – асыл да ардақты Сәкен Сейфуллиннің: «Сыр сандықты ашып қара, Ашып қара, сырласым. Сым пернені басып қара, Басып қара, жырласын!» деген бір шумақ өлеңінде қаншама сыр мен мұң тұнып тұр десеңізші!
Тарих • 30 Мамыр, 2021
Мыңжылдық мұра. Құранның көне түркі тіліне аударылған алғашқы нұсқасы Түркістанмен қайта қауышты
Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбында халықаралық конференция өтті.
Тарих • 30 Мамыр, 2021
Қасіретті тарихтан тағылым алған елміз
Қаралы жылдар, қасіретті жолдар... Қазақ халқы тәу етер Тәуелсіздікке қол жеткізгенше осының бәрінен жүріп өтті. Жүрегі қазақ деп соққан Жұбанның (Молдағалиев) тілімен айтсақ, «мың өліп, мың тірілді». Ашаршылықта – азап, қуғын-сүргінде – тозақ кешті. Ең бастысы, құрып кетудің аз-ақ алдында тұрса да тауы шағылған жоқ. Еңсесі биік елге, тамыры терең мемлекетке айналды.