Қоғам • 31 Мамыр, 2022
Қала баласы ойнаудан да қалып барады
Қазіргінің баласы асық атып, асыр салып ойнамайды. Бұрынғыдай ағашты ат қып мінбейді. Ертегі тыңдап өспегеннен кейін ертедегі батырларға еліктемейді. Есесіне есіл-дерті – теледидарға телміру, гаджетке үңілу. Қала баласы да, дала баласы да сондай қазір. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 6-9 жас аралығындағы балалар күніне орта есеппен кемі 3-4 сағат белсенді дене қимыл ойындарымен айналысуы керек. Ал қазақстандық 70,66% өспірімнің далада ойнау уақыты бір сағатқа да жетпейді екен.
Білім • 31 Мамыр, 2022
Оқыту – маңызды, бекіту одан да маңызды. Пандемия кезінде оқушылар қашықтан оқимыз деп кейбір тақырыптарды өткізіп алған еді. Осындай олқылықтардың орнын толтыру мақсатында Білім және ғылым министрлігі жазғы мектептердің жұмысын ұйымдастырды. Қазірдің өзінде 2 млн-ға жуық бала жазғы мектептерде білімін шыңдап жүр.
Медицина • 31 Мамыр, 2022
Қатерлі ісік: Балалар дерті адамзатты алаңдатады
Жаһанды жайлап алған онкологиялық аурулар өкінішке қарай, балаларды да айналып өткен жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын жер бетінде 400 мыңға жуық бала мен жеткіншек қатерлі ісікке шалдығады. Ал Қазақстанда жыл сайын шамамен 600 балақай жас талғамайтын жаман аурудан жапа шегеді. Соған қарамастан, отандық дәрігерлер қолдан келген көмегін жасап, күрделі дертпен күн демей, түн демей күрес жүргізіп келеді.
Қоғам • 31 Мамыр, 2022
Құрсақтан бастап қадағалау қажет
Соңғы жылдары баласының дертіне халықтан қаржылай көмек сұрайтын ата-аналар, қоғамдық қорлар көбейді. Бауыр еті баласының өмірі үшін күрескен ата-ана амалы қалмаған соң алақан жаятыны түсінікті. Демек медицина дамығанымен, аурулар асқына түскен. Деректерге көз салсақ, облыста қан қысымы жоғары 95 бала бар, 362 бала семіздікке шалдыққан, 3 112 бала көз ауруларымен тіркеуде тұр. Аз көрсеткіш пе?! Одан бөлек, церебралды сал ауруы сияқты туа біткен сырқат балалар қаншама?! Осы жөнінде Шығыс Қазақстан облысының бас педиатры Гүл Құсайыновамен әңгімелескен едік.
Білім • 31 Мамыр, 2022
Ауыл квотасы 35 пайызға артады
Биылдан бастап әлеуметтік осал отбасы балалары 15%-дық квотамен мамандандырылған мектептерге түсе алады. Осындай отбасынан шыққан оқушылар мектепте бірқатар пәннен аптасына кемінде тегін 3 қосымша сабақ ала алады. Ал колледждерде тегін білім алуға 45 мың грант бөлінбек.